Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада дүкенде сатушының телефонын ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды (видео)

Астана қаласында полиция қызметкерлері Абай даңғылындағы азық-түлік дүкенінде сатушының iPhone маркалы телефонын ұрлап кеткен жас жігітті іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz.

Жігіт кассада есеп айырысып тұрып сатушының үстелінде қымбат телефон жатқанын байқаған. Мұнан кейін ол сатушыдан сөреден бір нәрсе әперуді өтінген. Сатушы әйел сырт айналғанда, жігіт телефонды алып, күрткесінің қалтасына салған. Кейін түк болмағандай алған тауарының ақшасын төлеп, дүкеннен шығып кетеді.

Жас жігіттің телефонды қолды қылғаны дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Қазіргі уақытта полиция ұрлықшының тұлғасын анықтау және оны ұстау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Астана қалалық полициясы күдіктіні іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрайды. Видеодағы адамды көргендер немесе танитындар болса, Алматы ауданы ІІБ-ге (Жансүгірұлы көшесі, 2) жүгінуге немесе 8 (7172) 71-67-45, 102 нөмірлеріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдағандар ғана ұрығын тапсыра алады

Оралда келіншек аяз салдарынан автокөлік ішінде босанып қалды

Атай жылап жіберді: Автобус жүргізушілерінің әрекеті алматылықтарды ашуландырды

Жасырын үйленіп алған ба: Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойының суреті пайда болды (фото)

Талқылау