Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірген

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірген Павлодар облысының тұрғыны қолға түсті. «17 ақпанда таңертең Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен 76 жастағы ер адам мен оның 78 жастағы жұбайының мәйіті табылды. Тергеу барысында зейнеткерлердің адам қолынан қайтыс болғаны анықталды», – деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Оқиға орнына арнайы жедел-тергеу тобы және облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы келді. Қылмыстық істі тергеу үшін, қылмыстық полицияның ең тәжірибелі қызметкерлері, облыстық аппараттың тергеу және жедел криминалистикалық бөлімшелері,сондай-ақ Екібастұз Ішкі істер департаменті және Баянауыл ауданының ІІБ бастығы генерал-майор Амантай Әубәкіров басқарған қызметкерлер де келді»,- делінген хабарламада.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Полиция қылмыстың бірнеше нұсқасын ұсынды. Криминологтар қылмыскерді қолға түсіру үшін оқиға орнын бастап-аяқ тінтіп шықты. Сонымен қатар қылмыскерді іздестіруге «Алтын Майқайың»  комбинатының қызметкерлері және ауыл тұрғынадары көмектесті.

«Жедел тергеу тобы ерлі-зайыпты зейнеткерлері өлтірген қылмыскерді қолға түсірді. Ол қайтыс болған адамдармен бір көшеде тұрып келген Майқайың кентінің 27 жастағы тұрғыны», – деп хабарлады полиция.

Оқиға бойынша ақшаға мұқтаж жұмыссыз жігіт зейнеткерлердің айтарлықтай ақшасы бар деген оймен олардың үйіне келген. Қылмыскер көршісінің табалдырығын аттамастан ерлі-зайыпты зейнеткерлерге бірнеше рет пышақ салған. Үйде құнды ештеңе таппаған жігіт банк карталарын ғана алып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция күдіктінің қылмыс жасағанына дәлел ретінде пышақ тауып алды. Қазір қажетті сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі зейнеткерді өлтірген күдікті қамауға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда Toyota Camry аударылды: Бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Шымкентте жүкті әйел мінген жедел-жәрдем көлігі жол апатына ұшырды

Алматыда ірі жол апаты: BMW X6 жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты

Павлодарда өртте қалған екі айлық сәби күйіп қалды

Талқылау