Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жүкті әйел мінген жедел-жәрдем көлігі жол апатына ұшырды

Шымкентте жедел-жәрдемге жол бермеген көлік түйісіп, жол апаты орын алды. Зардап шеккендер жоқ, дегенмен медициналық көліктің ішінде жүкті әйел болған. Ал көлік болса, қатты соққыдан зақым келіп, ауруханға жете алмай қалды.

Бұл туралы TVK хабарлды.

Жола апаты Бейбітшілік даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында сағат 13:15 шамасында болды.

Арнайы дабылмен келе жатқан жедел-жәрдемге барлық көлік жол берген, алайда дабылды ескермеген  «Ниссан» көлігі тоқтамастан медициналық көліктің сол жағына келіп түйіскен. Қатты соққыдан жедел-жәрдем көлігі  сол жақ бұрылыстан келген ВАЗ 21014 көлігіне соғылды.

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел-жәрдем көлігіне қатты зақым келіп, істен шыққан.

Апат салдарынан ешкім заардап шеккен жоқ, дегенмен дәрігердлер жүкті әйелдің денсаулығына алаңдады. Алғашында оның жағдайы дұрыс болған, алайда әйелдің аяғына зақым келген. Бірақ неден екені белгісіз.

Оқиға орнына полицейлер де жедел келді.

Тағы оқыңыз:

Алматыда ірі жол апаты: BMW X6 жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты

Павлодарда өртте қалған екі айлық сәби күйіп қалды

Қостанай облысында бес жасар бала өрт шыққанын хабарлап, аман қалды

Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен

Талқылау