Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ішімдіке тойып алған зейнеткер ұлын пышақтап өлтірді

Ұлын өлтірген зейнеткер бес жылға бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ, қарт әйел жазасын қылмыстық-атқарушы жүйедегі орта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мекемесінде өтейді.Сот мас күйінде ұлына қастандық жасаған Павлодар облысының тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың қараша айында Хмельницкое ауылында болды. Күні бойы ішімдік ішкен зейнеткер үйіне келіп, 40 жастағы мас ұлына тап болған. Содан кейін ана мен бала арасында жанжал туып, екеуі төбелескен.

«Ашуланған анасы ас бөлмедегі пышақты алып, ұлына сұғып алған. Ішімдікке тойып алған баласы қашуға тырысқанда, зейнеткер ұлының арқасына тағы да пышақ сұққан»,-делінген хабарламада.

40 жастағы ер адам жарақат салдарынан көз жұмды.Сот процесінің сатысында прокурор, жауапкер және жәбірленушінің тарапы кінәсін мойындауға қатысты процессуалдық келісім жасалды.

Сот зейнеткерді «денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, сондай-ақ адам өліміне алып келетін қылмыс жасағаны» үшін оны кінәлі деп таныды. Егде әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында алты жасар баланың басына мұз құлап қайтыс болды

Шахтинскіде 17 жастағы бала жанып тұрған үйге кіріп,  досы мен оның құрбысын құтқарды

Петропавлда полицейлер мен өрт сөндірушілер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды

Астанада жаңа салынып жатқан медресе өртенді

Талқылау