Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Ертіс өзенінде балықтар жаппай қырылуда

Жергілікті тұрғындар Ақсу ауылы тұсынан ағып жатқан Ертіс өзенінен өлген балықтардың көп бөлігін тауып алды.

12514002

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Мұнда қала тұрғындары жағажайға келіп демалып тұрады. Тұрғындардың айтуынша жағалаудан соңғы екі күнде адамдар өлі балықтарды қолмен ұстап алып жатыр екен. Сәйкесінше жағалауға шығып қалған балықтар мен өзенде топталып қалған балықтарда есеп жоқ.

Облыс бойынша балық аулау федерациясының директоры Павел Логвиненко соңғы 30 жылда мұндай жағдай болмаған дейді.

“Шортан, лақа, алабұға, қарабалық, мөңке, торта – Ертіс пен оның түрлі ағыстарында жүзіп жүретін балықтар. Оларды қазір жергілікті тұрғындар жағалаудан немесе өзеннен өлі күйінде тауып алып жатыр”, – дейді ол.

Балықтардың неліктен жаппай қырылуға ұшырағаны белгісіз.

“Өлгендердің арасында батпақты суда, өсімдік бар жерде тіршілік ете беретін мөңке балықтар да бар екен. Ал қыста су қатса да өмір сүре береді. Мөңке ешқандай күй талғамайды. Суда кислорд аз болса да жүре береді. Демек, қырылудың себебі басқа да болуы мүмкін”, – дейді Павел Логвиненко.

Жедел зерттеу жүргізген жергілікті мамандар суда токсинді заттардың жетіспеушілігі болмаған. Сондай-ақ, шектен асып кететін ауыр металдар да жоқ екен. Зертханалық зерттеу толық аяқталған соң алғашқы себебі жұма күні кешке жария етілуі мүмкін.

Талқылау