Пәтерде қызбен болған: Қостанайда жоғалып кеткен қоғам қайраткері табылды
Қостанайда жоғалып кеткен қоғам қайраткері Арман Жолданов 6 мамырда табылды.

Бұл туралы “Наша газетаға” сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Біз бүгін кешкі сағат 18:00-де іздеуге шыққалы жатқанбыз. Шамамаен жарты сағаттан кейін менің нөміріме бір қыз қоңырау шалып, Арманның осы уақытқа дейін онымен бірге жалдамалы пәтерде болғанын айтты. Ол туралы туыстары білмеген. Ер адамның ұялы телефоны өшірулі болған. Онымен ағасы сөйлесіп, жағдайы жақсы екенін растады”, – дейді ерікті Ирина Ячменева.
Естеріңізге сала кетсек, Қостанайда 1 мамырдан бері байланысқа шықпаған 33 жастағы қоғам қайраткері Арман Жолданов іздестіріліп жатқан еді. Кеше еріктілер оның іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған. Ер адам жарты сағат ішінде табылды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз көліктен секіріп кетті (видео)
СҚО әкімі еліміздің оңтүстігінен көшіп келетін жастарға үй салып беруге уәде етті
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?