Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген

Сейсенбі, 10 Қаңтар , 2017 12:26

Алматы қаласының тұрғыны Әбен Нарынбаев ерлі-зайыптылардың көлікте қалдырып кеткен 65 мың доллар мен 2 млн теңгесін қайтарып берген.

pogudx6ffm1tmmk2h.316c68f2 (1)

Бұл туралы ол ұлттық арнадағы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтып берді.

Әбен Нарынбаев Алматы қаласындағы телеарналардың бірінде кәсіби оператор болып жұмыс істейді. Отбасына екі ағайынды. Анасы Әмина екі ұлын адал болуға, шыншыл болуға үйретіп өсірген.

Бір күні Әбен жұмысына бара жатып, такси тоқтатқан ерлі-зайыптыларды ала кетеді.

«Таңертең жұмысқа бара жатқанымда жолда аға мен тәте такси тоқтатты. Үлкен кісілер. Көлікке мінбей жатып, екеуі бір-бірімен ұрысып тұрған. Аға алдында отырды. Тәте артқы орындыққа жайғасты. Екеуі жол бойы бір-бірімен ұрысып отырды. Оларды Мақатаев көшесіндегі Сызғанов емханасына жеткізіп тастадым. Сосын өзім бұрылып кетіп қалдым», – дейді ол.

Әбен Нарынбаев жолаушылар түсіп қалған соң, көлігінің артқы орындығынан телефон шырылдағанын айтады.

«Телефон даусын естідім. Сол кезде жақсы телефон болса алып алайын деген пендешілік ой да болды. Тоқтап қарасам, барсетке сөмке жатыр. Сөмкені ашқанымда алдымен екі миллион теңгені көрдім, ал оның астында долларлар жатыр», – дейді ол.

Осы кезде оның телефонынан анасы хабарласып қалады. Ол болған жайтты анасына айтып береді. Анасы барлық ақшаны иесіне қайтарып беру керегін талап етеді. Әйелі пәтер жалдап жүргенін айтып, ақшаны үйге әкелуін өтінгенімен Әбен анасының айтқанын орындапты.

Ақша иелері ақшасын қайтарып берген жігітке алғысын айтып, 1000 теңге ұстатады. Оператор жігіт осы кезде  қомақты ақшадан 1000 теңге ғана алғанына кейіп қалғанын жасырмады. Бірақ, кейіннен олар қайта кездесуге шақырып, 50 мың теңге ұстатқан екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай тұрғыны жалған диплом жасатып әкім болмақ болды

Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған

3 жасар бала үй жағдайында сүндеттеген соң көз жұмды

Шымкентте мектеп бапкері балалармен бірге порноға түсіп келген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бермей қалса, ол ақша оған жақсылық әкеле қоймасы анық. Өйткені ол басқа адамның өмір бойы жинаған ақшасы.Адамның көз жасы жібермейді.

  • Анонимно says:

    менің сөмкемді таксида ұмытып,оны өзім іздеп еще еркек басымен ұялмай менен 10 000 теңге талап еткен хотя ішінде тек документ болған сондаааай ер деген азаматтардан ұяласын Қызылорда

  • Анонимно says:

    90% адамдар апарып бермес еді

  • Анонимно says:

    Барлык Адам бирдей емес,бермей калса кайтер еди

  • Анонимно says:

    Үлкен кісілерден ақша дәметкені ұят екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар