Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны жалған диплом жасатып әкім болмақ болды

Қостанай облысы тұрғынына білімі туралы жалған дипломы үшін 127 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170110090128

Қостанай облысы Қарасу аудандық соты 50 жастағы Н. қатысты (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) қылмыстық істі қарады, деп хабарланды облыстық сот сайтында. Іс материалдары бойынша, 2009 жылдың күзінде Алматы қаласындағы көлік  базарында  Н. анықталмаған тұлғаға 350 АҚШ долларын беріп, 2006 жылдың 23 маусымында өз атына жазылған Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жалған құжатын алған.

Ол  2015 жылдың қараша айында Қарасу ауданы, Қарасу ауылының әкімі қызметіне жұмысқа орналасу үшін  осы жалған құжатты көрсеткен. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік лауазымға үміткерлерді арнайы тексеруі барысында аталған дипломның жалған екені анықталды. Мұны сот сараптамасы да растады. Сот айыпкерге 60 АЕК көлемінде 127 мың теңге айыппұл жазасын тағайындады. Сот үкімі заңдық күшіне енді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған

Қазақстанда “ақылды” бесік жаппай қызығушылық тудыруда

Шымкентте мектеп бапкері балалармен бірге порноға түсіп келген

Петропавлда ауру балалардың арқасында табыс тапқан алаяқ ұсталды

Талқылау