Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді мақұлдады

Парламент әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберді.

1996913

Фото: Руслан Кривобок

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

2017-2018 жылдары зейнетақы 3 кезеңде арттырылатын болады. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері тоғыз пайызға, базалық зейнетақы жеті пайызға артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға өседі. Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни, ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген.

Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. Бұдан бөлек, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру көзделген.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген. Жалпы, зейнетақы мен аталған жәрдемақыны өсіруге республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбенің қақ ортасында көз жұмған балалар туралы жаңа деректер пайда болды

Астана таксилері ЭКСПО қонақтарын тегін тасуы мүмкін

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Талқылау