Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде достарын құтқармақ болған жасөспірімнің өзі ажал құшты

1 маусым күні “Балаларды қорғау күні” мерекесінде Ақтөбенің қақ ортасында суға батып кеткен үш баланың оқиғасына қатысты қосымша деректер жарияланды.

633

Бұл туралы “Эврика” басылымы хабарлайды.

“Нұр ғасыр” мешіті аумағындағы Сазды өзеніне көптеген адамдардың көзінше үш жасөспірім батып кеткен болатын. Балалардың өлімі туралы жаңалық күллі қаланы шошытты. Көбісі балалар күн ыстықта салқындау үшін суға түскен деп топшылаған. Кейін белгілі болғандай олардың үшеуі де киімшең болыпты.

Сол күні қала бойынша балаларға арналған іс-шаралар өткізілді. Саябақта балалар аспанға шар ұшырып, шеруге қатысып, балалар әндеріне би билеген. 12 ықшамаудандағы жағалауда барлық балаларға тегін балмұздақтар үлестіріліпті.

“Төрт дос сол күні қыдыруға шыққан. Олар ата-аналарына ескертпепті. Екі суға батып кеткен баланың мұғалімі Қанзада Сүйентаеваның айтуынша, оқушылардың бірі салқындау үшін өзенге түседі. Бірақ, тепе-теңдігін жоғалтып, бата бастаған. Оған көмектеспек болған сыныптасы да өзін игере алмайды. Ақырында Ернат Жасқайратов пен Шыңғыс Нұрғазы батып бара жатып көмек сұрай бастайды. Үшінші сыныптас Нұржанның кіші інісі Сәлім Аяпбергенов екі балаға көмектесу үшін суға қойып кеткен. Бірақ, ол да екі баланы құтқара алмай, өзі де жағаға жете алмай қалады. Осылайша үш бірдей бала суға батып кеткен”, – деп жазады басылым.

5252

Жасөспірімдер №31 орта мектептің сегізінші сыныбында оқыған. Нұржанның інісі Сәлім биыл жетінші сыныпты бітірген.

“Өте жақсы балалар еді. Тек оқып ғана қоймай, өте белсенді болатын. Шыңғыс біздің тірі энциклопедиямыз десе де болады. Не сұрасақ та жауап табатын. Оның анасы вахтада жұмыс істейді, әкесі жоқ, сол себепті оны атасы мен әжесі бағатын. Бірақ, бүкіл отбасы бала тәрбиесімен айналысты. Балалар бір сыныпта оқиды, бір ауданда тұрады. Күн сайын көрісіп жүрген балалар. Ернат спортты қатты жақсы көретін. Қарындасын мектептен алып кетіп, анасына қолғанат болатын. Ол да әкесіз өскен. Нұржанға да өте ауыр, туған інісі көз алдында батып кетті”, – дейді Қанзада Сүйентаева.

7878

Ернат пен Шыңғыс оқыған мектепте олардың суреттері қара лентамен тұр. Батып бара жатқан балалардың қалай байқалмай қалғаны белгісіз. Өйткені, ол күні мереке болғандықтан жан-жақта адам өте көп жүрген. zello.aktobe және aktobe_zello парақшаларында “Достарын құтқарамын деп көз жұмды” деген атаумен Шыңғыс Нұрғазы туралы ролик те жарияланыпты.

Погиб, спасая тонущих друзей 🙏 #Актобе

Публикация от Aktobe Zello – Official Page (@aktobe_zello)

Оқи отырыңыз:

Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Қытай қазақтары “қысым көріп жатқандарын” айтады

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Талқылау