Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл басшылығы ағасын жазалау үшін 16 жастағы қарындасын зорлатуға шешім шығарған

Пәкістанда жасөспірім қызды зорлаған 20-ға жуық ер адам тұтқынға алынды. Сорақысы сол, ер азаматтар қызды ауыл кеңесінің бұйрығымен кек алу мақсатында зорлаған екен. Олар бұл қыздың ағасын өзге бір қызды зорлады деп айыптап, оның жазасын қарындасы арқылы бермек болған.

пакистан 2707

Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, екі қыздың отбасы өзара жақсы таныс әрі не істеу керектігі туралы шешімді бірге шығарған.

“Ауыл кеңесі 12 жасар қызды зорлаған азаматтың 16 жастағы қарындасын зорлау туралы шешім шығарды”, – дейді полицей Аллах Бакш Франс пресс агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, шілде айының басында ауыл кеңесіне бір азамат 12 жасар қарындасының зорланғаны туралы шағым түсіріпті.

Пәкістандық Dawn газетінің хабарлауынша, бойжеткен бір топ жігіттердің алдына шығуға мәжбүр болған. Ол аз десеңіз, бойжеткенді ата-анасының көзінше зорлапты.

Кейін қос қыздың анасы жергілікті полиция бөлімшесіне шағымданған. Ақырында медициналық тексеріс жүргізіліп, зорлау фактісі расталған.

Жіберіп алмаңыз:

Қызы өзіне қол көтеріп, үстіне қышқыл құйған әкесімен бірге тұруға мәжбүр (фото)

Америка тұрғындарына сенбілікке шығу үшін марихуана есірткісін ұсынады

Келіншек қатерлі дертпен ауырам деп өтірік айтқаны үшін сотталды

Қытайда ер адам елес сияқты киініп, ұрлық жасауға талпынды (видео)

Талқылау