Қызы өзіне қол көтеріп, үстіне қышқыл құйған әкесімен бірге тұруға мәжбүр (фото)

Бейсенбі, 27 Шілде , 2017 11:00

Гита Мэхур өзі мен қызына күн көрсетпеген күйеуімен бірге тұруға мәжбүр. Себебі, жеке пәтерге көшіп кетуге қалталарында қаражаттары жоқ. Индерджит мырза біраз уақыт бұрын қызының үстіне қышқыл құйып, оны дене сымбатынан айырған болатын.

428CF7EB00000578-4718416-No_choice_Instead_of_finding_safe_refuge_Geeta_above_right_reali-m-35_1500655841237

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

60 жастағы Индерджит Мэхур 26 жастағы қызы Нетудің үстіне қышқыл құйып жіберген. Ер адам мұны жасаған кезде ақ суға мас болған екен. Мұнымен қатар, ол кіші қызы Кришнаның да үстіне қышқыл құйып жіберген. Нәтижесінде сәби шетінеп кетеді.

Тым кедей болғандықтан, Гита күйеуінен кетіп қала алмай жүр. Жоғарыдағы оқыс оқиғалар болған кезде көршілері одан күйеуін кешіруді өтініп сұраған екен. “Тіпті, бүгінде ішімдік ішіп алса, бізді өлтіргісі келетінін айта береді. Бірақ, соңғы кезде ешнәрсені ойлағым келмей жүр. Күнде одан қорлық көрсем де, амалым жоқ. Осы үйде тұруға мәжбүрмін”, – дейді Гита Мэхур.

428CF7AF00000578-0-image-a-7_1500647299509

428CF7C400000578-0-image-a-3_1500647273191

Әкесі үстіне қышқыл құйып жіберген кезде Ниту үш жаста болған. “Тұңғышым Реха күйеуімнің туыстарының үйінде болған. Ол үстімізге қышқыл құйып жіберген кезде аулуда ұйықтап жатқан едік.  Қараңғы болса да, мұны күйеуім жасағанын жақсы білемін. Анам полиция мен жедел жәрдем шақырған болатын. Осыдан кейін 3-4 ай ауруханада жаттық. Ауруханадан шығып анамның үйіне бардық. Әкем менің 8 жасымда қайтыс болып кеткен. Ал анам жалғыз өзі бауырым мен сіңілімді бағып отыр.

Бізді асырауға оның ақшасы болмады. Бар ақшасын дәрі-дәрмекке жұмсады. Кедей болғанымыз соншалық, кіші қызымды көметін кезде сабанға ақша таппадым. Тәнін өзенге ағызарда өзімнің белдемшеме орадым. Күйеуім түрмеде отырып маған кешірім сұрап хат жазған екен. Қорыққанымнан заң қызметкерлерінен оны босатуларын сұрадым. Анамның үйінде болған 14 айдың ішінде ол үнемі кешірім сұрап келіп жүрді. Адамдар бізге жиіркенішпен қарайтын. Көршілеріміз, тіпті, менің ауылдан кетуімді талап етті. Сол сәтте болашағымызға бола көп алаңдадым. Сол себепті, күйеуіме қайтып оралдым. Арада екеуіміздің үшінші қызымыз дүниеге келді”, – дейді әйел.

428CF7CF00000578-0-image-a-8_1500647307645

428CF7DB00000578-0-image-a-5_1500647286616

Индерджит бір кездері осындай кешірілмес әрекет жасағаны үшін өкініп жүр. Десе де, ол ішімдік ішуін әлі күнге дейін тоқтатпаған.

“Сол түні мен мас болдым. Достарымнан денсаулыққа зиян тигізбейтіндей қышқыл сұраған болатынмын. Бірақ, ойлағаным жүзеге аспады. Мен сол бір түні болған оқиға үшін қатты өкінемін. Нитаның жүзіне тік қарауға шамам жоқ. Оны көрген сайын жүрегім қан жылайды. Мен олардан жақсылап кешірім сұрадым. Олар мені кешіріп, отбасымызда Пунэм атты үшінші қызымыз дүниеге келді”, – дейді Индерджит.

428CF7E700000578-4718416-Living_together_The_couple_went_on_to_have_a_third_daughter_seco-m-36_1500655855317

428CF7F400000578-4718416-image-a-13_1500649835739

Ниту өз кезегінде әкесін толықтай кешіргенін айтып жатыр. “Сіздер өмір сүріп отырған қоғамда қылмыскерге қарағанда, жәбірленушіні жек көреді. Менің анамның әкеме қайтып оралмасқа амалы болмады. Ал мен өзімнің келбетім үшін ешуақытта қысылған емеспін. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Мұндай қиын сәттерде қайта тұрып жүгірген абзал.

428CF7F800000578-0-image-a-1_1500647256493

428CF80000000578-0-image-a-4_1500647281085

Ниту 2014 жылдан бері қышқылдың құрбандарына арналған дәмханада жұмыс істейді. Ол болашақта әнші болуды армандап жүр. Мамыр айында оның көзіне ота жасалды. Алайда отадан кейін оның көзінің көруі тек үш пайызға жақсарған. Гита күні-түні қызының болашағы үшін алаңдайтынын айтып жатыр. “Менің қызым өте мықты. Көзінің көрмеуі оны тоқтатар емес. Мен таңғажайыптың бар екеніне сенемін әрі қызыммен мақтанамын”, – дейді келіншек.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам үй аквариуміндегі балықты өлтіргені үшін сотталып кетті

Үстіне тері ісіктер қаптап кеткен ер адам көпшіліктен алыста жүріп өмір сүруге мәжбүр

Америкалық компания өз қызметкерлерінің қолдарына түгелдей чип енгізетін болды

Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар