Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін пайғамбармын деп жариялап өлген адамды тірілте алмаған ер адамды қамауға алды

Өзін пайғамбармын деп жариялаған Гетайаукал Айеле есімді азамат қаралы отбасыға марқұм ер адамды тірілтуге уәде берген.

Эфиопияда өлген адамды тірілте алмаған ер адамды қамауға алды. Өзін пайғамбармын деп жариялаған Гетайаукал Айеле есімді азамат қаралы отбасыға марқұм ер адамды тірілтуге уәде берген. Ол Иса пайғамбар секілді өлген адамды тірілту оқиғасын қайталайтынын айтқан.

Ер адам марқұмның туыстарымен бірге оның зират басына келеді. Ер адам марқұмның денесін қайта қаздырады. Денесінің үстіне жатып «Оян, Белай» деп айқайлайды. Оған қарсылық танытқан шіркеу қызметкерін туыстары қуып жібереді.

Өлі адамды тірілте алмаған ер адам зираттан қашып кетпек болады. Алайда ашынған туыстары оны ұстап алып, ұрып-соғады. Оларға полиция араша түседі. Айелені бөлімшеге алып кетеді. Оны өлген адамды қорлағаны үшін жазалауы мүмкін. Эфиопияда бұл қылмыс саналады.

Бұған дейін елімізде өзін пайғамбармын деп жариялаған қазақ азаматы құдаймен кейде қалжыңдасатынын айтып елді шошытқан еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау