Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өзімді жас сезінемін": Продюсер Алтынбек Рахметов шашын қандай бояумен бояйтынын айтты

Алтынбек Рахметов талай әншінің бағын ашып, өнерге келуіне айтулы үлес қосты. Осы орайда, оның 50 жылдық мерейтойына барша қазақ эстрадасының жұлдыздары жиналды. 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында продюсер әлі күнге дейін өзін жас сезінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мейрамбек

"Мен өзімді 50 жастағыдай сезінбеймін. 40-45 жасқа келген кезде достарым "Қырықтағы қырсық шал" деп айтатын. Ал қазір мені "Елудегі ерке жігіт" деп атайды. Өзімді елу жастамын деп санамаймын. Көбісі "Шашыңа қандай бояу жағасың? Бір де бір ақ шаш жоқ қой" деп айтады. Шашымда ешқашан бояған емеспін. Өзімнің табиғи шашым. Осы нәрсені бірінші рет айтып отырмын", - дейді продюсер.

Әрі қарай ол  өзін жас сезіну үшін не істеу керектігін айтты. Сондай-ақ, өзін әлі күнге дейін жастар қатарына қосатынын жасырмады. 

"Үйленген кезімдегі 25 жасымда тұрып қаған секілдімін. "Елудемін" деп айтуға өзімнің аузым бармайды. Қазір елуден асқан құрдастарым қарны томпиып, әрең сөйлейді. Сондай заман келген сияқты. Өзіңді жас сезіну үшін жастармен тіл табыса білу қажет", - деді ол. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр