Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгемен кеткен қызын алып қашқан жігіт махаббат үшін күресуге шақырды

Қазақстандық жігіт группаласының өзін сүйгенін біле тұра оның құрбысымен жүріп кетеді.

0015-asian-couple-with-prague-clock-800

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

Араға уақыт салып сүйіктісімен көңілі жараспай айырылысып тынады. Өзін сүйген қызға қайтып барайын десе, оның басқа бір жігітпен жүріп жүргенін біледі. Ақыры сезімге бой алдырып, жігітінің бар екеніне қарамастан қызын алып қашады. Дәл қазір қос ғашық бақытты ғұмыр кешіп жатыр екен. Осы орайда, ол барша жігіт қауымын махаббат үшін күресуге шақырды.

«Дәл қазір жасым жиырма бесте. Колледжде оқып жүріп талай қызық күндерді басымнан өткердім. Махаббат, ғашықтық туралы айтып жатқанымды өздеріңіз де біліп тұрған шығарсыздар. Бұл кезеңде барлық адам ғашық болады ғой. Мен де бір қызға байланып қалдым. Ұнатып сөз салдым. Қыз-жігіт болып жүрдік. Бірақ, қарым-қатынасымыз ұзаққа бармады. Ең соңында оны жеккөріп кеттім. Оның сүйкімді дос қызы бар болатын. Байқұс қыз мені қатты ұнатыпты. Ал мен оның дос қызымен жүріп, жанын біраз қинадым.

Бумеранг заңы туралы естігендеріңіз бар шығар?! Сол заңның жұмыс істейтініне нақты көз жеткіздім. Жаңағы мені ұнатып жүрген қызды қатты сүйіп қалдым. Бірақ, ол қыз басқа жігітпен жүріп жүрген еді. Жігітін де жақсы танимын. Өзі ішкіш, бұзық бала. Кеш қалдым. Екеуі көз алдымда құшақтасып жүретін. Жігіт болсам да, көз жасыма ерік берген күндерім көп болды. Қыз келесі жылы басқа мамандыққа ауысып кетті. Бұрын бір топта оқитынбыз.

Мен артынан қалмай жүріп екеуіміз сөйлестік. Ол жігітпен жүріп жүрсе де, мен бас тартпадым. Қалайда менікі болуы тиіс деген қағидамен өмір сүрдім. 3 курс оқып жүргенде әлгі қызды алып қашып өзімнің жарым еттім. Анашым жалынып жүріп қалуға көндірді. Қазір, құдайға шүкір, 3 балапанымыз бар. Әйелім томпаңдап маған еркелейді. Жігітінің сезімін ойыншық еткенімді білемін. Бірақ, ол тек менікі болуы керек. Жігіттер, сүйіктілеріңізден бас тартпаңыздар! Басқа біреуге кетіп қалса да, берілмеңіздер!» – дейді жігіт.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті үй шаруасына олақ әйелінен мезі болғанын айтып ашынды

Жас ұстаз: Әке-шешемнің жоқтығын күйеуім бетіме басады деп қорқамын

Екі әйелдің арасында таңдау жасай алмаған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Күйеуі сотталған келін өзіне демеу болған ата-енесіне ризашылығын білдірді

Талқылау