Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбектікі емес: Серік Ибрагимов ән ұрлады деп айыптағандарға жауап берді

Серік Ибрагимовтің орындауындағы “Қыз бала гүл” әні бүгінде той нарығында сұранысқа ие. Бұл әнсіз бірде бір той өтпейді десек, артық айтқандық болмас. Десе де, есті тыңдарман аталған туындының өзбек ағайындардан ұрланғанын айтып, Ибрагимовке ескерту жасады. Серік өзін сынағандарға жауап берді.

Өзбектікі емес: Серік Ибрагимов ән ұрлады деп айыптағандарға жауап берді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“90-жылдары естіген әндердің бірі. Өзбек тіліндегі нұсқасы хит болған. Ұрлаған деп айтып жатыр. Ешкімнен де ұрлаған жоқпын. Осы жақында ғана Әлішер Кәрімовпен кездескенбіз. – Бұл негізі өзбекше емес, арабша ән, – деді. Сөйтіп арабша нұсқасын айтып берді”, – дейді Ибрагимов.

Әншінің айтуына қарағанда, өзбек авторлары мен қазіргі орындаушылар аталған әнге қатысты ешқандай шағым айта алмайды. Себебі олардың өздері де сырттан алған.

“Олар айта алмайды. Себебі ән олардікі емес. 90-жылдары хит болғанымен, одан ерте шықса керек. Қазір орындап жүрген кісілер олай айта алмайды, себебі бұл кісілердің қолында емес. Ал айтқан жағдайда, кәдімгідей ақшасын төлеп, құжат жүзінде өз атымызға аударып алсақ болады”, – дейді Серік.

 

Талқылау