Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандағы Қызылқұм шөліне қалың қар жауды (фото)

Өзбекстанның орталығындағы Қызылқұм шөлінде қар қалың түсті. Бұл туралы Өзбекстанның табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

12675254_10154254883732580_280386623_o

“Ауа-райы бұл күні республиканың көптеген аймақтарында суытты. Біршама облыстарда қардың көп жаууы әдеттегі құбылыс. Ал ең ыстық нүкте болып саналатын Қызылқұм шөліне осыншама көп қардың түсуі күтпеген жағдай”, – делінген комитеттің хабарламасында.

Осы аптада Өзбекстанда биылғы қыс бойына алғаш рет қар жауып, қытымыр аяз орнады. Жақын күндері елдің көптеген аймағында ауа температурасы -5-8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал күндіз 2-6 градус аралығында болмақ.

Қызылқұм жазығы 300 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ол Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан аумағымен шектесетін Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында орналасқан.

Әдетте Қызылқұмға бар болғаны жыл сайын 100-200 миллиметр жауын-шашын жауады. Жазықтың барлық аумағында ешқандай су арнасы жоқ.

74662-preview-image 268199 10824936 105554732 depositphotos_38606851_l-2015 l145031 pic_7043bcf3cf2ae93e1efa1c3f5a4ef982 sneg-702x336 White_Sands_Desert-13

Талқылау