Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда жезөкшелермен көңіл көтерген орган қызметкерлері ұсталды

Ташкентте мемлекеттік резиденция аумағында зәуілім үйді көңіл көтеру үшін пайдаланған прокуратура, арнайы қызмет және өзге де күш құрылымдарының қызметкерлері ұсталды.

1a16742cda7608d125cb2c10cc78f57c

Сурет: www.perm.aif.ru 

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі “қара маска” киіп, Ташкент орталығындағы “Түркістан” мемлекеттік резиденцияның аумағына рейд жүргізген.

Арнайы операция барысында мемлекеттік резиденция аумағындағы зәулім үйде жеңіл жүрісті келіншектермен көңіл көтеріп жатқан прокуратура, арнайы орган қызметкерлерінің ұсталғандығы жазылған. Интернет-басылымның мәліметі бойынша, зәулім үйді жалға алып, сексуалды қызмет көрсетуді ұйымдастырған адамдар да ұсталған.

Барлығы 32 адам республиканың ішкі істер министрлігіне жеткізілген. Сенімді дереккөз бойынша, олар түсініктеме берген деп жазады интернет-басылымның бас редакторы Сергей Ежков.

Талқылау