Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Өзбекстан Республикасында президент сайлауы өткізілетін мерзім белгілі болды. Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының жариялауынша 2016 жылдың 9 қыркүйегінен сайлау науқанына дайындық ресми түрде басталмақ.

e4168662e56c6e7ff67907b2521513ce_500_0_0

Фото: ca-news.org

Бұл туралы interfax.ru хабарлайды.

“Өзбекстан Конституциясының 117-баптарына, сондай-ақ «ӨР Президентін сайлау туралы» Заңның 8-бабына, «ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы» заңның 5 және 9-баптарына сәйкес жексенбі, 2016 жылғы 4 желтоқсанды Президентті сайлау күні деп белгілеу жөнінде шешім қабылданды. Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша науқанды осы жылғы 9 қыркүйектен бастайтыны жайлы хабарлады”, – делінген ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Өзбекстан президентін сайлауға дайындық және оны өткізу шаралары бойынша арнайы бағдарлама бекітілді.

Бұған дейін ел премьер-министрі Шавкат Мирзиеевтің Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқаратындығы белгілі болған еді. Бұған дейін де елде президенттіке талас жүріп жатқаны, және олардың арасында қазіргі премьер-министр Мирзиеевтің мүмкіндігі жоғарыекені айтылған.

Еске сала кетсек, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов 2 қыркүйек күні 78 жасында дүние салған болатын.

Талқылау