Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқаратын болды

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 17:43

Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқару міндеті елдің премьер-министрі Шавкат Мирзиеевке жүктелген.

20160908172228

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Мирзиеевтің кандидатурасын республика парламенті қос палатасының біріккен отырысында мақұлданған.

“Шавкат Мирзиеев бүгін Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев бұл міндетті атқарудан бас тартты”, – деп хабарлаған парламент мүшелері.

Сондай-ақ, Өзбекстандағы президент сайлауының Конституцияға сәйкес алдағы үш ай ішінде өткізілетіні белгілі болды. Парламент Орталық сайлау комиссиясының сайлау шарасына дайындықты бастауларына тапсырма берді.

Бұған дейін де елде президенттіке талас жүріп жатқаны, және олардың арасында қазіргі премьер-министр Мирзиеевтің мүмкіндігі жоғары екені айтылған еді.

Еске сала кетсек, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов 2 қыркүйек күні 78 жасында дүние салған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар