Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлаудың алғашқы қорытындыларын жария етті

Өзбекстанда президент сайлауы өз мәресіне жетті. Сағат 20.00-дегі қорытынды бойынша 87,83 пайыз сайлаушы дауыс берген. Санмен есептегенде 17 миллион 941 мың 955 адам.

5454545454545

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Дауыс беру аяқталды. Учаскелік комиссия мүшелері дауыс санауды бастап кетті. Әзірге ереже бұзу анықталмады”, – деді Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Комилжон Әділов.

Дауыс беру мемлекеттегі 9383 және шетелдегі 44 сайлау учаскесінде болып өткен. Дауыстар әлі де саналып жатқандықтан, орталық сайлау комиссиясының басшысы кімнің көш бастап келе жатқанын жария етпеді. Алғашқы нәтиже 5 желтоқсан күні түскі ас уақытынан кейін ғана айтылмақ.

“Сайлаушылар саяси әрі азаматтық белсенділік көрсетті. Сайлау әділ, ашық, ел конституциясына сай өтті”, – деп хабарлады ОСК төрағасы Мырза-Ұлықбек Әбдусаламов.

Президенттіке үміткер ретінде төрт кандидат қатысуда: Либер-демократиялық партия атынан Шавкат Мирзиеев (қазіргі таңдағы уақытша ел басшысы), Халықтық-демократиялық партия атынан Хатамжон Кетмонов және Сарвар Отамұратов пен Наримон Омаров.

Оқи отырыңыз:

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелді өлім жазасына кесуге шақыруда

Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды

2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады

Талқылау