Өзбек әншісі ұятсыз роликке түскені үшін сахнадан өмір бойына шеттетілді
Танымал Өзбекстан әншісі Тамила ашық бейнероликке түсуі себепті енді үлкен сахнаға қайта орала алмайды.
Сурет newskaz.ru
Бұл туралы podrobno.uz хабарлайды.
Әншінің сахнадан шеттетілгенін “Өзбекнаво” мемлекеттік эстрадалық бірлестіктің бас директоры Фарход Джураевтың өзі мәлім етті.
“Тамила ешқашан лицензия ала алмайды, не үшін екенін білесіздер”, – деді журналистер сұрағына жауап берген Джураев.
Оның сөзінше, жуырда ғана ол әншімен оның сахнаға оралуы туралы әңгімелескен. Бірақ, ол бұлай етудің еш жөні жоқ екеніне тағы көз жеткізеді. Осылайша ол әншіге дәрігерге қаралуға кеңес берген.
“Оның бала кезден келе жатқан қандай да бір ауытқушылығы бар секілді, әйтеуір дұрыс емес. Ол сахнаға емес, психологқа бару керек”, – деді “Өзбекнаво” басшысы.
Еске сала кетсек, әнші Тамила төңірегіндегі дау (шын есімі Эсмеральда Рахматова) Өзбекстанда 2016 жылдың басында басталған еді. Дауға оның жалаңаш күйде әуесқой бейнероликке түсуі себеп болды. Бұдан соң “Өзбекнаво” Тамиланың өз елінде және шет елде концерт беру құқығынан шектеген еді.
Әншіні қорғау үшін бірқатар оның әріптестері мен желі қолданушылары атсалысқан. Олар видеода оның жеке өмірі, ал шығармашылығына еш қатысы жоқ дейді. Дау шыққан соң әнші Қазақстанға келді деген де ақпарат жарық көрген болатын.