Өзбек әншісі Тамила дау шыққан видеодан кейін елінен қашып Қазақстанға келген

Сәрсенбі, 3 Ақпан , 2016 9:39

Тамиланың әдепсіз бейне жазбаға түсіп қалғаны желіде тарағаннан бастап, оның парақшасында өзін балағаттаушылар көбейіп кеткен. Өзбек сахнасына шығу лицензиясынан айрылған әнші созылып кеткен даудан кейін желідегі парақшаларын өшіріп, Қазақстанға қашып келген.

56af408f89765
Өзбекстанның танымал әртісі Эсмеральда Рахматова үлкен шуға айналған видеодан кейін Инстаграм парақшасын да өшіріп тастауға мәжбүр болған. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан Kun.uz басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өткен демалыста Telegram желісіне екі видео жүктелген болатын.

Онда әнші Тамила шешініп тұрады, екіншісінде түнгі уақытта жалаңаш түрде көшені аралаған. Тамиланың продюсері Нажот Агзамов оның осындай жағдайдан кейін ауыр халде екенін айтқан. Сондай-ақ, “Узбекнаво” –дан бейнежазбаны телеарналар арқылы таратпауды сұраған.

БАҚ-тың хабарлауынша ол желідегі парақшасындағы барлық суреттерін өшіріп тастаған, Tamilaofficial парақшасының орнында Kassauz – яғни киноға электронды билет сатып алу қызметі көрсетіледі екен.

“Узбекнаво” Тамиланың орындаушылық лицензиясын бірінші рет алыып қойып отырған жоқ.
«Узбекнаво» агенттігі Тамиланың лицензиясын тоқтатқандары жайлы хабарлаған. 2015 жылы бұл агенттік осы әншіні бетіне пирсинг таққан суреттерін желі арқылы таратқаны үшін, концерттерге шығуына тыйым салған еді. Осы даудан кейін өткен жылдың қарашасында өнердегі жолын жалғастыруға қайта рұқсат етілген еді.

Әншінің жалаңаш түскен бейнежазбасынан кейін желі қолданушылары әншінің парақшасына жаман пікірлерін толассыз қалдырған. Оның парақшасына жазылғандардың аздаған бөлігі оның бұл қылығының өнеріне еш қатысы жоғын айтып, әншіні ақтап алуға тырысқан.

Тура қазір Эсмеральда Рахматова өз елінен кетіп қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Куу керек жетпей турганы сол еди

  • Жұмбақ жан says:

    Ойй ..

  • Жұмбақ жан says:

    Я озимиздин елимиздеде жаланаш айтатын адам аз еди, енди осы калды, тойларда карапайым казактын акшасын тонауга келе жатырда

  • Жұмбақ жан says:

    Жақсы бопты. Біздің елде аз еді.

  • Жұмбақ жан says:

    Елінде жөні түзу нәрсе жасамаған адам біздің елде тәрбиелі нәрсе жасайтынына күмәнім бар, елден қуу керек ондай жексұрындар өзіміздеде толып жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар