Өзбек әншісі автобуста өртеніп кеткен отандастарына арнап клип түсірді (видео)
Өзбекстандық әнші Сардор “52 Vatandosh hotirasiga” (“52 жерлесімнің рухына арналады”) атты әнге бейнебаян түсіріп, жұрттың көзіне жас келтірді. Өнер иесінің туындысы Ақтөбедегі автобус өрті кезінде қаза болған Өзбекстан азаматтарына арналады, деп жазады Stan.kz.

Әнбаян Ақтөбе облысы, Самара-Шымкент тас жолында жол апаты кезінде тірідей өртеніп кеткен азаматтарға арналады.
Айта кетейік, 18 қаңтарда болған оқиға кезінде 52 адам көз жұмды. Алапат өрттен 5 адам аман қалды. Олардың екеуі – Өзбекстан, ал үшеуі – Қазақстан азаматтары.
Өрттен аман қалған автобус жүргізушілері ауруханадан шыққан соң қамауға алынды. Олар қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыпталып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Сейітмағамбет: Дәуренді желіде бұғаттап тастағанмын, бірақ жүздесіп тұрамыз
Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі (фото)
Желіде Алтынай Жорабаеваның бейтаныс азаматпен құшақтасып түскен суреті пайда болды
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек