Өз туыстарына үйленген 13 атақты тарихи тұлға

Сәрсенбі, 14 Ақпан , 2018 16:50

Көптеген елдердің мәдениетінде аталас, ағайындас бауырларымен немесе туыстарымен некеге тұруға тыйым салынған. Ал кейбір мемлекеттерде бұл мүлдем заңсыз. Дегенмен, қоғамда осыған қарамай, туыстарымен сөз жарасқандар көп болды. Кейбіреулерін медициналық көрсеткіштердің маңызы мүлде алаңдатпады.

Сонымен, жақын туыстарына үлкен сүйіспеншілікпен үйленген 13 атақты ерлер мен әйелдер туралы айтайық.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гангстер, қарақшы, ұры және адам өлтіруші Джесси Джеймс америка тарихындағы ең танымал қылмыскер болған. Біреу оны Жабайы Батыстың Робин Гуды деп таныса, басқалары оны лайықты жазасын алуға тиіс қылмыскер деп санайды.

Ол қарақшылықпен айналысып жүрген кезінде жарақатын емдеу үшін ағасының үйінде тұрып келді. Оған Зерельда Мимс атты туысқан қарындасы қамқор болған. Сол кезде оларда бір-біріне деген сүйіспекшілік оянған. Атақты қылмыскер сүйіктісінің соғынан тоғыз жыл жүгіріп, ақыры 1874 жылы 24 сәуірде ғашына үйленеді. Ерлі-зайыптылардың Джесси Эдвард атты ұлы және Мэри Сьюзан деген қызы болған.

1882 жылы туған орыс композиторы XX ғасырдағы музыканың ең беделді тұлғаларының бірі болып саналады. Стравинский өзінің туысы Екатерина Гавриловна Нозенкоға ғашық болған. 1905 жылы ғашықтар үйленгісі келген. Бірақ шіркеудегілер олардың некесіне қарсылық көрсетті. Барлық кедергілерге қарамастан, олар 1906 жылы неке қиып, балалы болды.

Американың 32-ші президенті Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольн сияқты АҚШ-тағы осындай құрметті тұлғалардың қатарында тұр. Рузвельт 1933 жылдан бастап 1945 жылға дейін президент болған.

1904 жылғы 17 наурызда Франклин Делано Рузвельт, анасының наразылығына қарамастан басқа американдық президент Теодор Рузвельттің қарындасы Эленор Рузвельтке үйленді. Ерлі-зайыптылар 40 жыл бойы некеде тұрып, олардың алты баласы болған. Уақыт өте келе олардың қарым-қатынасы Франклиннің көптеген романдары мен әйелі менмендігіне байланысты саяси серіктестікке айналды.

Тарихтағы ұлы композиторлардың бірі азғыруларға төтеп беріп, сүйіспеншілікке толығымен жете алмады. Бах 1707 жылы Мюльхаузендегі Власия шіркеуінің органисті лауазымына тағайындалғаннан кейін көп ұзамай өзінің немере ағасының қызы Мария Барбара Бахқа үйленді. Ерлі-зайыптылардың жеті баласы болған. Олардың төртеуі ғана тірі қалып, екеуі тіпті әкесі сияқты композитор болды. Бірақ Мария 13 жылдан кейін қайтыс болды. Ал бір жарым жылдан кейін Бах әнші Анна Магдалена Вилкке үйленді.

Ағылшын жазушысы Герберт Джордж Уэллс ғылыми-фантастикалық жанрдың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Биология ғылымының докторы ретінде Уэллс Чарльз Дарвиннің барлық теорияларын қолдады.

1891 жылы Герберт Уэллс өз ағасының қызы Исабелла Мэри Уэллске үйленді. Ерлі-зайыптылар төрт жыл өткеннен кейін ажырасып кетті. Әйелі күйеуінің студентімен қарым-қатынасы белгілі болғаннан кейін ажырасқан. Көп ұзамай Уэллс ол қызға үйленніп, олардың балалары болды.

Біздің тізіміміздегі тағы бір президент  Томас Джефферсон. Ол Вильгельм мен Мэри колледжінің бітірушісі және адвокат Джефферсон тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі.

1772 жылы жесір қалған туысы Марта Уэльс Скелтонға үйленді. Бақытты неке Марта өлгенге дейін созылды. Әйелі 33 жасында қайтыс болып, олардың алты балады болған. Джефферсон бұдан кейін некеге тұрмады. Ақ үйдегі бірінші әйелдің рөлін оның қызы Марта Джефферсон Рендолф атқарды.

Әлемдегі ең танымал ғалымдардың бірі Альберт Эйнштейн. Ол екінші рет анасының туысы Эльза Эйнштейнге 1919 жылы үйленді. Олар тойға дейін жеті жыл кездесіп келген. 1933 жылы ерлі-зайыптылар АҚШ-қа қоныс аударды. Ал үш жылдан кейін Эльза жүрек ауруларынан қайтыс болды. Бұл некеде олардың балалары жоқ.

Әлем тарихындағы ең беделді тұлғалардың бірі Чарльз Дарвин де өз туысына үйленген. Ол ағасының қызы Эмма Веджвудпен некелесті. Ерлі-зайыптылардың 10 баласы болды. Оладың үшеуі нәресте кезінде қайтыс болса, басқалары ауру болып туылды. Ғалым бұның себебі туысына үйленгендіктен ба деп қорықты. Дегенмен, оның көптеген балалары мен немерелері өмірде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

Детективтік жанрдың негізін қалаушы Эдгар Аллан По 1809 жылы Бостонда дүниеге келген. Жазушылықпен қайтыс болғанға дейін айналысқан.

27 жасында жазушы 13 жасар туысы Вирджиния Клеммге үйленді. 1835 жылы жасырын неке қию рәсімінен кейін ерлі-зайыптылар тыныш және бейбіт өмір сүрді. Бесжылдық емделуден кейін Клемм 1847 жылы 24 жасында қайтыс болды. Әйелінің ауыр сырқаты мен ішімдікке салынуы жазушының жұмысына қатты әсер етті. Екі жылдан кейін ол да әйелінің жолын қуып маскүнем болып кетті.

1957 жылдары америкалық әнші және рок-н-ролдың негізін қалаушылардың бірі Джерри Ли Льюис, өзінің мансабының шыңына жетіп, 13 жасар туысы Майра Гейл Браунға үйленді. Сол кездегі қыздың 15 жаста екендігіне қарамастан, музыканттың абыройына нұқсан келді. Оның әндері радио станцияларынан тоқтатылып, тыңдаушылары теріс айналды. 1960-жылдары Льюис танымал болды, бірақ ол бұрынғы даңқына қол жеткізе алмады.

1934 жылы, ең ұзақ уақыт басқарылатын монархқа айналғанға дейін, Елизавета II Греция мен Данияның князі Филиппен танысты. Ғашықтар үйленіп, олардың төрт баласы болды. Олар да бір-біріне жақын туыс болып келеді.

Атақты Виктория патшайым билікке 18 жасында келді. Оның ағалары мен әкесі қайтыс болғаннан кейін, ол Британдық тақтың ең жас мұрагерлерінің бірі болды.

Виктория патшайым 1840 жылы ағасының ұлы Альберт Саксен-Кобург-Готскийға тұрмысқа шықты. Екеуінің некесінен тоғыз бала дүниеге келді. Олар 20 жыл некеде болып, бақытты өмір сүрді. Бірақ, күйеуі 42 жасында инфекциядан қайтыс болып, Виктория патшайым өмірінің соңына дейін аза тұтып жүрді.

Жазушы Алан Милннің ұлы Винни-Пух туралы әңгімелер жинағынының прототипі Кристофер Робин Милн ата-анасымен жақсы болмады. Өйткені ата-анасы, әсіресе анасы баланың өміріне мүлде мән бермеген.

1948 жылы Кристофер Милн өз ағасының қызы Лесли Селинкуртқа ата-анасының қарсылығына қарамастан үйленді. 1956 жылы олардың жалғыз қызы  Клэр дүнеге келді. Алайда, олардың қыздары ауру болып туылды. Кристофердің анасы ұлымен өлергенше сөйлеспей кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Ғашықтар күніндегі ақылға сыймайтын әрекеттер

Қызын шегелеп қойған ана: Оның ішінде жын болғасын крест тықтым

Валентин күні туралы сіз білмейтін 14 тарихи факт (фото)

Көшедегі қайыршының қалтасынан бума-бума ақша шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар