Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын шегелеп қойған ана: Оның ішінде жын болғасын крест тықтым

Анасы қызын төсекке шегелеп, мойнына крест тығып өлтірген. Сот оны ақыл есі дұрыс емес деп танып, өмір бойға бас бостандығынан айырды. Алайда әйел бұл шешіммен келіспей отыр.

Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

2016 жылы қаңтарда Франциско Морлес 33 жастағы сүйіктісі Женева Гомеске хабарласа алмағандықтан оның анасына барады. Қыздың анасы Хуанита күйеу баласын жақсы қарсы алады.  Жігіт қыздың ата-анасының бөлмесіне кіріп қорқып кеткен.

Бөлмеге кірсе Женеваның денесі төсекке шегеленген. Қолдары тумбаларға байланған, мойынынан қан ағып жатыр. Кеудесіне крест қойылған.

«Женевада жын бар. Оның көзі айналып кеткен және ол мені өлтірмекші болды. Сосын мен оның жынын кетіру үшін католик крестін алып, мойнына тықтым…», – дейді анасы.

Жігіт әйелмен сөйлеспекші болған. Бірақ ол жын, ақша туралы айта бергесін  полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Кейін әйелдің ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды.

2018 жылы қаңтарда болған сот нәтижесінде Хуанита өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Оған соңғы сөзін айту құқығы берілген жоқ.

Алайда, әйел өзін кінәлі санамайтындығын айтқан. Оның адвокаты сотқа апелляцилық шағым түсірмекші.

Тағы оқыңыз:

Валентин күні туралы сіз білмейтін 14 тарихи факт (фото)

Көшедегі қайыршының қалтасынан бума-бума ақша шықты

Қыздық пердесі бұзылмаған 29 жастағы бойжеткен жүкті болды

Табиғаттың керемет сыйы: сиыр бұзаумен бірге тасбақа туды

Талқылау