Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Манчестер тұрғыны Сара Ниблок 43 жаста болса да, 20 жастағы қыздай көрінеді. Ол – 22, 20 және 18 жастағы үш қыздың анасы. Сара қыздарымен бірге көшеде серуендеп жүргенде, төрт сұлуды көрген жігіттер еріксіз сұқтана қарайтын көрінеді.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Үлкен қызы Холлидің достары Сараны оның анасы емес, әпкесі деп ойлайды. Ал әйелдің жасы 43-те екенін білгенде қайран қалып, жас әрі сұлу көрінетінін айтады.

«Қыздарым менің жас көрінетінімнен ұялмайды. Олар суретімді достарына көрсетеді. Өз кезегінде достары менің 43 жаста екеніме сене алмаған. Ал дүкенде үнемі құжатымды көрсетуімді сұрайды. Маған осылай жас көрінетінім ұнайды», – дейді Сара Ниблок.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Сара сырт келбетін күткенді ұнатады. Ол үшін уақыты мен ақшасын да аямайды. Алайда ол терісіне инъекция жасататынын жасырмайды. Ол жас көріну үшін тек осы процедураның көмегіне жүгінеді екен. Ал үлкен әрі әдемі ернім – табиғаттың сыйы, дейді әйел.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

«Мен жарты жылда бір рет инъекция жасатамын. Алайда қыздарыма бұл процедураны жасауға рұқсат бермеймін. Олар әлі жас. Мен балалардың өз жасынан үлкен көрінетінін ұнатпаймын. Тіпті олар 17 жасқа толғанша боянуға рұқсат берген жоқпын. Олар табиғи сұлулығын барынша ұзақ сақтағанын қалаймын», – дейді Сара Ниблок.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Қыздары анасының жас көрінетінімен мақтанса да, кейде қызығып әрі қызғанып қалады екен. Себебі сауық кештерінде жігіттердің көзі бірден Сараға түседі. Олар әйелге бірден жақындап, әңгімеге тартпағанымен, ұнатып қалғанын білдіріп жататын көрінеді.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Сараны мінсіз ана деп атауға болады. Себебі ол ана мен қыздардың арасында болуы тиіс шекара туралы естен шығарған емес. Оның сөзінше, ол өзі қыздары үшін құрбы емес, анасы. Ал анасын құрметтеп, сөзіне құлақ асулары керек. Сараның бойжеткен қыздары мұны жақсы түсінеді.

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Оқи отырыңыз:

Киевте Қауіпсіздік қызметі қазақстандық журналисті ұстады (видео)

Путин соғыс ардагерін күзетшілерінен қорғап қалды (видео)

Жанкүйерге күртешесін сыйлаған футболшы оның қалтасында сақинасын ұмытып кеткен

Бас сүйегі ғана табылды: Полиция қызметкерінің 3 жасар баласын қабылан жеп қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар