Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз бетінше әрекет етуге құқығы жоқ саудиялық әйелдер толық еркіндікке ие болу үшін күресуде

Сауд Арабиясында 14 000-нан астам әйел көптеген шаруаларды қамқоршы ер адамның рұқсатынсыз істемеу керек деген талаптың күшін жою үшін петицияға қол қойды.

image27246994_223022ad2b8925647690a5b5c43bfd68

Фото: e-gorlovka.com.ua

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Құжат қазіргі таңда үкіметтің қарауында.

Орнығып қалған дәстүр бойынша әйелдердің неке қиып немесе оны ажыратып, білім алып, жұмысқа орналасып, қамқоршы ер адамның рұқсатынсыз шетел асуға да құқығы жоқ. Қамқоршы ретінде негізінен күйеуі, әкесі, ағасы сипатталады. Тіпті ер адамның рұқсатынсыз олар пәтер жалдап, медициналық операция да жасата алмайды. Енді осы әрекеттерге қарсылық білдірген әйелдердің әрекеті қоғам тарапынан қолдау тауып, интернетте танымалдылық жинап жатыр.

Белсенді Әзиза Әл-Юсуф бұл істің соңы шынайы нәтижеге алып келеді деп үміттенеді.

Арабшадан аударғанда “саудиялық әйелдер қамқоршы ер адам ережелерін жойғысы келеді” деген мағына беретін хештег шілде айында Твиттердің араб тілді сегментінде ерекше танымал болды. Осы жазбалардан соң мәселе Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының да назарына іліккен.

Саудиялық әйелдер өз проблемаларына қатысты көптеген жазбалар мен бейнероликтер жариялаған. Тіпті нарықта “мен өз-өзіме қамқоршымын” деген жазуы бар резеңке баулар да пайда болған. Петицияға қол қойған көптеген әйелдер өз аты-жөндерін еш жасырмай жазып жатыр. Тағы жүздеген әйел өздеріне қатысты жеке деректерді еш жасырмастан Сауд Арабиясы королі отыратын сарайды өтініш хаттармен толтырып тастаған.

Human Rights Watch зерттеушісі Кристина Бекерлэ бұл бастама соншалықты қолдауға ие болады деп күтпегенін айтты.

“Мен кампанияның ауқымдылығына ғана емес, оның ерекшелігіне де таңқалып отырмын. Олар өздеріне екінші деңгейдегі адам деп қарауды тоқтату керектігін өте нақты әрі дәлелді түсіндіре алуда. Қазір оларға мемлекет құлақ асатын уақыт келді”, – дейді ол.

Алайда бұл бастамаға қарсылық танытушылар да бар. Олар “қамқоршылық оларға қарсы болу үшін, олардың мүддесі үшін” деген хештегпен жазбалар таратуда. Бұл бастаманы қолдайтын журналист Сабрия Джавар тек аздаған өзгертулер енгізе отырып ер адам қамқорлығын сақтап қалу керек дейді.

Ал белсенді Әзиза Әл-Юсуф тыйым салынғанына қарамастан, көлік рөліне отырғаны үшін 2013 жылы тұтқындалған. Ол өзінің бұл әрекетінің еш өрескел емес екенін айтып, қорықпайтындығын жариялаған болатын. Олар әйел адам 18 немесе 21, белгілі бір ересек жасқа келгеннен кейін, қоғамның оларға толыққанды адам ретінде қарауларын сұрайды.

Мұндай бастаманы олар осыдан бес жыл бұрын көтермек болған. Алайда істері табысты аяқталмаған еді. Юсуф енді осы жолғы талпыныстары жағымды жаңалықпен аяқталады деп үміттенуде.

Оқи отырыңыздар:

Эквадорда трансгендерлер жұбының сәбиі пайда болды (фото)

Атасы мен әжесі науқас немересін 6 жылдан бері байлауда ұстап отыр

Мексикада 300 жастағы мумия көзін ашты (видео)

Талқылау