Ойын кезінде су ішуге кетіп қалған неміс қақпашысы гол жіберіп алды (видео)

Германияның «Дуйсбург» командасының қақпашысы Марк Флеккен екінші бундеслиганың 24-кезеңінде «Ингольштадт» командасына қарсы ойын көрсетті. Ойын барысында су ішу үшін қақпа артына кеткен қақпашы гол жіберіп алды.

Сурет: welt.de

Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ойынның 18-минутында қақпашы Марк Флеккен қақпаның артында жатқан шөмектен су ішпек болған. Ол су ішуге беттегенде, қарсыластары қақпаға шабуыл жасады. «Дуйсбург» қорғаушысы қарсыластарына кедергі жасамақ болып допты өз қақпашысына қарай басымен қағып жіберді. Ал бұл кезде қақпашы ойын алаңына теріс қараған күйі су ішіп тұрған болатын. Осы сәтті пайдаланған «Ингольштадт» футболшысы Стефан Кучке допты қақпаға қарай теуіп жіберді. Нәтижесінде командалар 1:1 есебімен теңесті.

Десе де ойын соңында «Дуйсбург» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Ел үміт артқан Полторанин Олимпиада ойындарында жүлде ала алмады

Қазақстандық хоккейші ҚХЛ матчы кезінде ресейлік спортшымен төбелесіп қалды (видео)

Қазақстандық Арман Рысбек америкалық боксшыны бірінші раундта сұлатып тастады

Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар