Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Өте зұлым адамдар”: ХАМАС тұтқынында болған израильдік сұмдық естеліктерін бөлісті

Нова музыкалық фестиваліне шабуыл кезінде әпкесі Майя және досымен бірге ХАМАС-қа тұтқынға түскен 19 жастағы Итай Регев өзін өте қорқынышты жағдайда ұстағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

Атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келіссөздер бірнеше апта бойы жалғасуда. Алайда мемлекеттер белгілі бір келісімге келмеген.

Өзі тұтқын қатарында болған Итай қалған адамдарды да тез арада кері қайтару керегін айтты. 

“Біз тұтқындағыларды шығару үшін қолымыздан келгенді жасауымыз керек”, – дейді Итай. 

Итайдың досы Омерді қосқанда Газа секторында 130-ға жуық адам әлі де қамауда отыр. Израиль шенеуніктері олардың 30 шақтысын өлгендердің қатарына қосқан. 

Итай Лондонға Британ парламентінің мүшелерімен кепілге алынғандардың тағдырын талқылады.

"Кепілге алынғандарына бес ай болды. Жасалып жатқан жұмыс жеткіліксіз. Бес ай күн сәулесін көрмей, отбасыңның не болып жатқанын білмей, ауыр жағдайда, аш отыр. Олар өздерін қандай тағдыр күтіп тұрғанын білмейді”, – дейді Итай. 

Ол 54 күн бойы қалай қиналғанын айтып берді. 

"Біз аш едік. Мен 54 күн бойы душ қабылдамадым. Мені тұтқындаған зұлым адамдар болып шықты. Менің аяғымда жаралар, үлкен тесіктер болды. Ешкім оған мән берген жоқ. Әр күніміз қорқынышпен өтті. Күнде оянғанда үстімізден зымыран түсе ме, жоқ қарумен атқылап өлтіре ме деп қорқатынбыз. Ол жақта жағдай қиын”, – деді ол. 

7 қазан күні таңертең Хамас содырлары Израильдің Газа секторымен шекарасына жақын жерде өтіп жатқан Nova музыкалық фестивалінің аумағына басып кірген. 

Фестивальге келген 360-тан астам адам өлтірілген. Итайды қосқанда тағы 40 адам кепілге алынған.

"Біз қашуға тырысып, көлікке отырдық, бес минуттан кейін біз барлық көліктерге аяусыз оқ жаудырғандардың фургонына тап болдық. Мен аяғымнан жарақат алдым. Менің әпкем де аяғына оқ тиген. Лаңкестер фургоннан шығып, мені орнымнан жұлып алды. Қолымды байлап, Газаға қайта жөнелді. Мен әпкем Майяның жарақат алып, жылап жатқанын көрдім. Сол күні екеуіміз бір-бірімізбен қошқтасық. Газаға келгеннен кейін олар тойлата бастады. Бізді әуелі бір үйге апарды, сосын шахтаға түсуге мәжбүрледі”, – деп еске алды ол. 

Артынша Итайды ауруханаға алып барған. Оның жанында дәрігер мен бірнеше ХАМАС өкілі болған. Айтуынша, дәрігер оның аяғындағы оқты наркозсыз және ауруды басатын дәрісіз алып тастаған.

"Олар менің аяғыма қысқышты салып, оқты наркозсыз суырып алды. Дауыс шығарсам, өлітіріп тастайтындарын айтты”, – дейді ол. 

Бостандыққа шыққанда Итайдың әпкесі Майя жүре алмай қалды. Қазір ол жарақат алған аяғын қалпына келтіріп, реабилитациядан өтіп жатыр.

Өткен аптада 19 жасқа толған Итай бостандыққа шыққанына қуанышты, бірақ басқа кепілге алынғандар, әсіресе оның досы Омер әлі де тұтқында жатыр деп алаңдайды.

Итай және оның әпкесі қарашадағы келісім кезінде 240-қа жуық палестиналық тұтқынға айырбас кезінде еліне оралған. 

Талқылау