Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өте сүйкімді: Димаш Құдайберген мұрағатты видеосымен жанкүйерлерін тамсандырды

Сұхбатта болашақ жұлдыз армандарымен бөлісіп, өнердің мағынасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Халықтың сүйікті ұлы әлеуметтік желіге 10 жаста телеарнаға берген сұхбатын жариялап, жұртты сүйсіндірді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

“Бос уақытымда спортпен шұғылданып, өнерге бел буған қазақтың баласы болған соң, өнермен айналысамын. Спорт жағын айта кетсек, тхэквандоға қатысқаныма бір жылдай болып қалды. Тхэквандо да, өнер де жүрегімде ерекше әсер қалдырды. Спортпен өнерді қатар алып жүремін. Өнерді айта кетсек, ән айтамын, домбыраны да тартамын “, — деді бала Димаш.

Өнерді адамдардың ішкі құбылысының рухани байлығы деп түсінген ол, сұхбат барысында қазақтың барлық ғалым ақын жазушылары халыққа пайдасын тигізгенін сөз етті. Соларға ұқсағысы келетінін айтты. Әсіресе, Абай Құнанбаев пен қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметовадан үлгі алатынын айтты.

“Менде армандарымның шегі жоқ. Қазағыма жақсы жағынан үлесін қосатын азамат болу — ең басты арманым”, — деді әнші.

Видеоны көрген жанкүйерлер де, Димаш Құдайбергеннің өнердегі әріптестері, ұстаздары да оның даналығына тамсанып, жылы лебіздерін білдіруден бір-бірімен жарысты

“10 жаста қандай керемет сөздік қор (лексикон)”, — деп жазды Сәкен Майғазиев.

“Алтыным, Димаш! Қазағыма үлесімді қосатын азамат болу деп сол кезден айтқан екенсің. Қазақтың әлемге танылуына үлесін қосса, сендей қоссын. Балапаным, аман бол. Тіл көзден, бәле-жаладан,өзің пендешіліктен аман бол”, — деді әншінің ұстазы.

Жанкүйерлер болар бала екені көрініп тұр деуменен “болашағы зор баладан айналдық”, “көздері мүлдем өзгермеген”, “өте сүйкімді және бала күнінен әдемі жігіт” деп жазбаларын қалдырды.

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар

Талқылау