Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздар фонограммаға қатысты өз ойларын ашық айтты

Фонограмма. Бүгінде сахнада өнер көрсетіп жүрген әншілердің түгелге дерлігі фонограмма қолданады. Тіпті, сәнге айналдырып алды десек те болады. Дауысы болсын, болмасын дайын жазбаны жазып алып жеңіл жолмен ақша табатын «жұлдыз әншілер» тым көбейіп кетті.

Отандық жұлдыздар фонограммаға қатысты өз ойларын ашық айтты

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әсем есімді әншіні көпшілік рок орындаушы ретінде таниды. Сахнада ерекше образ жасап, иықтан төгілген ұзын шашын екі жаққа өріп алып,ән салып жүргеніне де биыл он жыл толыпты. Әсем, еліміз үшін таңсық дүние болған рокқа қадам басқан алғашқылардың бірі.

«Рок жанры ауыр. Өзімді де, көрерменді де алдайтын сияқтымын. Тойларда да фонограммамен айт десе, мен дабл трекпен айтамын. Тірі жанмын, адаммын,  энергия деген бар. Мен халыққа әсер беру керекпін. Және де өзім әсер алу керекпін», – дейді рок әншісі Әсем.

Әсем фонограмманы жаны сүймейді. Одан құтылудың бір-ақ жолы бар дейді. Ол жазба дауыстан шоу-бизнес өкілдерінің өздері еркімен жаппай бас тартулары қажет екен.

«Ол өте қиын. Бірақ, үміттенеміз құтыламыз деп. Ол, әр әртіске байланысты. Егер бүкіл әртіс осы фонограммадан бас тартайықшы деп шықса сонда бәріміз құтылатын шығармыз», – дейді рок әншісі Әсем.

Ал елімізде өнер иелеріне жанды дауыста ән шырқауларына зор мүмкіндік бар екен. Заманауи аппарат та бар. Тек сол техниканы басқаратын дыбыс режиссерлері тапшы дейді Толқын Забирова.

«Республика сарайында су жаңа америкалық аппатура әкелгенде мені және жолдасымды шақырды. Жолдасым аппаратураларды жақсы біледі. Көп жылдар сонда істеген. Американдықтар техниканы орнатқаннан кейін бұны басқаратын звукачтарыңды көрсетіңдерші деді. Көрсетейік, үйретейік деп. Ешкімді көрсете алмадық, өйткені ешкім білмейді», – дейді әнгі Толқын Забирова.

Өнертанушы Ерлан Төлеутай ұялмастан фонограммен ән салып, концерттерін оп оңай бере салатын әншілердің ісін харам әрекетке теңейді. Бүгінгінің әншілерін жатып ішер жалқаулар деп бір сыбап алған өнертанушы әннің әуенін де оп-оңай  румын, қырғыз, түрік елдерінен ұрлап алып орындай беретіндерін сынады.

«Түк лайық емес. Фонограмма харам. Еңбектенбейтін әншілер. Студияға барады да дыбысты жазып алады ғой. Дыбысты бір, екі күн жазуы мүмкін. Қайта-қайта жеткізбей бөліп. Әнді тұтас айтып бере алмайды. Бір жолын жазады. Сосын екінші жолын жазады. Сосын үшінші жолын жазады. Содан барып аранжировщик компьютерге  құяды, сосын дауысын жетілдіреді», – дейді өнертанушы Ерлан Төлеутай.

Өнертанушының пікірінше, мемлекет фонограммаға заң жүзінде тыйым салу керек екен.

«Аузын жыбырлатқанның бәрі әнші, әйтеуір. Бүгінгі таңда  аппаратурының дамып жатқан заманы. Айтатын әндеріңе бүкіл музыканттарды шақырудың өзі оңайлыққа соқпайды. Әр музыкантқа ақша төлеп отыру керек. Оның бәрі қаражат. Ең дұрысы сол фонограмманы қолданып жатады», – дейді әнші Бақыт Шадаева.

«Фонограмманың өзінің пайдаланатын жерлері бар. Ол түсірілімдерде, үлкен концерттердің дыбыстық ауқымдылығына дыбыстың күшейтілуіне  немесе дыбыстың мынау телеарналарға түскен кезде сапасына байланысты», – дейді әнші Өмірқұл Айниязов.

Фонограммаға заң жүзінде тыйым салған елдер қатарында: Қытай, Әзірбайжан және Түркіменстан бар. Ал Қытайда әнші концертте не корпоративті кеште байқамай фонограммамен ән салып қойса болды, бақандай  12 000$ айыппұл арқалайды. Тіпті, өнер иесі кәсіби лицензиясынан айырылып, ары қарай өнерін жалғастыра алмауы да мүмкін. Егер елімізге де осындай заң енгізілсе, қазіргі қаптап кеткен біраз жұлдыздың сөнуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова 50 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Менмендік көрсетпеу керек: Әріптестері Төреғалиға павлодарлық қарияны тауып алуға кеңес берді

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды

Талқылау