Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздар «Анаға апарар жол» фильмін қолдауда (фото, видео)

Ахан Сатаев режиссерлік еткен «Анаға апарар жол» фильмі көпшіліктің көңілінен шығуда. Сан мыңдаған көрермен режиссерге, актерлер құрамы мен жалпы түсірілім тобына алғысын жаудырып жатыр. Олардың қатарында отандық эстрада жұлдыздары да бар.

14591114_304472376602428_9092784204759957504_n

Аталмыш фильм туралы өз ойымен алғашқы болып бөліскендердің бірі – Сәкен Майғазиев.  Ананың адам өмірінде алатын орнына тоқталған ол «Анаға апарар жол» фильмін міндетті түрде көруге кеңес берді.

«Мен фильмнің тұсаукесерінде болдым және бүкіл залдың басты кейіпкердің тағдырына алаңдап, жылап отырғанын көрдім! Фильм маған ұнады, өте әсерлі шыққан. Ана – әр адам өміріндегі ең маңызды адам!» – деп жазды ол желідегі парақшасында. Бұдан бөлек, Майғазиев адамның жанын тебірентпей қоймайтын видеоролик жариялады. Онда Майғазиев адамдарды ананың қадірін көзі тірісінде білуге шақырды:

«Көп адам өзінің анасының көзі тірісінде анасының байыбына барып, бағасын біле бермейді. “Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін” деп тілейтін, түн ұйқысын тоғыз бөлетін аналарымызға Алла тағала күш-қуат, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін деп мен жылап тұрып тілеймін».

Танымал тележүргізуші Аружан Саин да өз пікірін білдірген.

«Отбасы – ең маңызды нәрсе. Ал ата-ана – біздің алғашқы жолсеріктеріміз, өмірімізге жарық беріп, жол көрсететін жандар. Әр баланың ата-анасы болса және әр сәби ана махаббатын, жылулығын көрсе деймін», – деді ол.

Әншілер Нұржан Керменбаев пен Ернар Айдар да аталмыш фильмге аналарымен бірге барғанын айтты. Керменбаев:

“Күнде әйтеуір күйбең тіршілік.Кейде ойланып қарасаң әйелімізге, бала-шағамызға, достарымызға, бауырларымызға, әріптестерімізге тіпті бастықтарымызға көңіл бөліп жатамыз. Ал ата-аналарымыз ше? Бауырлар ойланайық! “Қолда бар алтынның қадірі жоқ” деген осы шығар! Жәннәт аналарымыздың аяқтарының астында! Аналарымызға уақыт табайық, көңілдеріне қарайық, көңілдерін табайық, құрметтейік, қадірлейік, сыйлайық, шынайы сезімдерімізді білдірейік, сүйіп, аялап, баталарын алайық!” – десе, Ернар Айдар анасының «осы заманда өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы» деп егіле жылағанын мәлімдеді.

14591063_1189383694459661_1337888579061284864_n

14591114_304472376602428_9092784204759957504_n

 

Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаев қиыншылыққа толы балалық шағы туралы әңгімеледі

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Талқылау