Отандық әнші шетелдік жігіті үшін Малайзияға көшіп, опық жеп қалды

Осыдан бір жылдай бұрын “Қоңыр” тобымен қош айтысқан Жазира Қошанова өнерден не себепті қол үзіп қалғанын түсіндірді. Әнші бақытын іздеу мақсатында шетелге кеткенін айтты. Алайда бақытын Малайзиядан іздеген ару ақыр аяғында опық жеп, елге қайта оралған.

Бұл туралы Жазира “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Бақытымды іздеп шетелге кеттім. Оның жасыратын түгі жоқ. Жасым 18-дегі қыз емеспін. Әйел бақытын іздеп шетелге кеттім, бірақ өкінішке қарай сәтсіз аяқталды. Ештеңеге өкінбеймін, бардым, білдім, көрдім”, – дейді Жазира.

Әнші сәтсіз аяқталған махаббаты үшін мансабын құрбан етті, яғни “Қоңыр” тобынан кетті. Алайда сүйіп қалған азаматы ақыр аяғында оның көңілінен шықпады. Себебі:

“Жігітім ауызбен тау қопарып, ісімен керісінше жүретін кісі екен. Аспандағы айды алып берем деген жігіттердің бірі ғой. Еркін қарым қатынасқа үйреніп қалған екен. Мен мұсылман әрі қазақи отбасында тәрбиеленген қыз болғандықтан, маған жат дүние. Көзқарастарымыз келмеді, ол кісі мені, мен ол кісіні түсінбедім”, – дейді Жазира ағынан жарылып.

Елге оралған әнші алдағы уақытта шығармашылықпен қайта айналыспақ.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы 179 мың долларға торт алдырған олигархты қолдады

Билл Гейтстің өзі жемеген: Қоғам белсенділері елді шулатқан торт жайлы

Астана әуежайында Ерлан Көкеевтің шағымынан кейін тексеру жүргізілуде

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр