Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жасөспірім «ерекше» қолдың иесі атанды

Өскемендік 15 жастағы Әкежан Арғынғазин «ерекше» қолдың иесі атанды. Оқушының сол алақанынан қатерлі ісік шығып, салдарынан білектен төмен қарай кесуге тура келген. Қызығы сол, науқас жасөспірімге медицина емес, компьютер маманы көмектесіпті. IT-технологияның көмегімен қымбат протезді қалтасы көтермеген балаға фантастикалық кино кейіпкерлерінікіндей қол жасап берген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әкежан  бар жігерін қолына жинап, заттарды ұстауды жаңадан үйреніп жүр. Қатерлі ісіктің кесірінен жұдырығынан айырылған жігіт жоқтың орнын толтыруға тырысқан.

Өскемендегі 10-сынып оқушысына бұл қолды алматылық IT-маманы істеп беріпті. Фантастикалық кинолардағы кейіпкерлердің қолына ұқсатып, компьютердің көмегімен жасаған екен. Ал бұған дейінгі протездері тым ебедейсіз, әрі ауыр болыпты. Ал қолдың қимылын дәл қайталайтындары шетелде сатылады. Бірақ тым қымбат боп, ол жайт әсіресе алып бере алмаған анаға ауыр тиіпті. Алайда, көп ұзамай ана тілегі қабыл болған.

“Алданып қалдық па, босқа тосып жатырмыз ба деген де ойлар болды. Жоқ, құдайға шүкір,Мәулен 21-қарашада шақырды «келе қалыңыздар, протезі дайын» деп. Әкежан екеуміз қуана-қуана бардық. Көрген кезде…енді оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес енді!” – дейді Әкежанның анасы Бибігүл Ақтанова.

3Д пластмассадан жасалған жасанды қолдың салмағы – 2,5 келі. Оның мықтылығы сол, ми импульсымен тікелей байланысқан. Яғни, баланың ойын дем арасында қағып алады.

“Ұстағым келген затты сезетін сияқты. Дереу қармап алады. Әбден үйренісіп кеттім. Өзіме қатты ұнайды. Көрген адамдар қызығып қарап қалады”, – дейді Әкежан Арғынғазин.

«Ерекше» қолдың арқасында оқушы өзі бастан кешкен саркома ауруын мүлде ұмытқан. Керісінше, білегіне күш жинап, өмірінде құлшыныс пайда болған. Енді Әкежанның өз арманы ІТ-маманы атану. Ал оны жігерлендірген  Мәулен Бектұрғанов есімді өнертапқыш. Ерекше протездің бағасын жариялаудан бас тартқан Алматы тұрғыны Әкежанға дейін тағы бір адамға аяқ жасап беріп қуантқан екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында әйелдер ауруханадан балаларын алып қашып жатыр

ОҚО-да мектеп директоры ауылдастарына қарызының орнына білім ордасының мүлкін таратқан

Биыл қазақстандықтар ғаламтордан нені көп іздеді?

Шымкент жастары бүйрегін бейтаныс қызға берген жігітке ақша жинап берді

Талқылау