Ақмола облысында әйелдер ауруханадан балаларын алып қашып жатыр

Ақмола облысында әйелдер ауруханадан балаларын алып қашып жатыр! Бурабай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде сырқаттанып келген балаларға ем-дом алу мүмкін болмай кеткен. Жарты ғасыр бұрын салынған ғимараттың төбесінен сорғалаған судан қабырға сылауы қопсып, дым тартқан. Одан қала берді, кәріз жүйесі ескіріп, алқам-салқамы шығыпты. Жылу да мардымсыз, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір топ әйелдер сырқаттанып қалған балаларын жұқпалы аурулар бөлімшесінен алып, жақында ғана  шыққан. Шыға салысымен дабыл қағып, ондағы жағдайды жұртқа айтуға бекініп отыр. Тіпті, тәртібі  қатаң бөлімшедегі жағдайды ұялы телефондарына түсіріп алған.

“Кішкентай баламның тыныс алу жолдары қабынған соң осы ауруханаға түстік. Суық, кешке тіпті ұлып кетеді. Дым тартқандықтан исі де жаман. Балам жаңағы қабынудан жазылмай жатып, құлағы ауырып қалды. Сосын жып-жылы үйімізге барып, жекеменшік емхана дәрігерлерінен ем-дом алдық. Бұл масқара емес пе?” – дейді Щучье қаласының тұрғыны Надежда Бергизова.

Шынымен де мұнда дым тартқандықтан, палата төбелері күйе жаққандай қап-қара болып кеткен. Ал сырқаттанған балалар жуынатын бөлме адам шошырлық жағдайда. Ыстық су жоқ, ал дәретханадан су тоқтаусыз сарылдап ағып жатыр.

“Басқа аурухана жоқ. Сосын осында келдік. Аздап сырқаты жеңілдесе, үйге қайтамыз. Баламның дымқыл жерде  аллергиясы қозады.  Демігіп қалады. Әрі суық. Енді тезірек үйге қайтамыз ба деп отырмыз”, – дейді сырқаттанған баланың анасы Наталья Амиркова.

Осындай адам көргісіз жағдайға жетсе де жұқпалы аурулар бөлімшесін мүлдем жауып тастау мүмкін емес екен. Өйткені мұнда 3 ауданның тұрғындары қаралады. Алайда төбесінен су сорғалап, дым тартқан палатада аналар баласы сырқатынан сауығып болмай жатып шығып кетуге мәжбүр.

Қазір мұнда 26 бала ем алып жатыр. Арасында жаңа туған нәресте де бар. Әйелдер мұндағы төсек орын да әбден ескірген әрі кір дейді. Бір қызығы, жұқпалы аурулар бөлімшесіне пациенттер шәйнек, шылапшынымен келеді екен.

“Ғимаратқа 2006-шы жылы күрделі жөндеу жасалған. Иә, бәрі тозып тұр. Мен мұнда бас дәрігер болғалы 1 ай ғана. Биыл енді жөнделмейді. Қаржы қарастырылмаған. Келер жылы ойластыру керек”, – дейді Бурабай аудандық ауруханасының бас дәрігері Сергей Киласев.

Жөндеуіне қаражат қарастырылмаған осы бөлімшені ұстап отыруға ғана биыл 40 миллион теңге аудан бюджетінен бөлінген. Бірақ балаларға қажетті дүние сатып алынбапты.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да әйел 6 жасар ұлын сабап, өлтіріп қоя жаздады

Елімізде баланы сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Ғалымдар ет жеудің көңіл-күйге тікелей әсер ететінін анықтады

Министр қай елдерден әкелетін ойыншықтардың зиянды екенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар