Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сиқыршы зымыраған автокөлікке байланған күйі ерекше әдіс жасады (видео)

Сиқыршы Антон Росс облыс орталығында бірер күн бұрын кезекті жаңа нөмірін ұсынды. Жүріп бара жатқан автокөлікке байланған ол, жатып сырғанаған күйі үстіндегі арнаулы киімді шешіп тастайды.

Безымянный

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Төтенше жағдай қалыбында түсірілген видеоны қазір полицейлер зерттеп жатыр екен. Облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпарат бойынша Россты сүйреген автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аса қауіпті әдісті Антон 10 желтоқсан күні жасаған.

“Біз мүлде көлік жүрмейтін қала сыртындағы жолды таптық. Автокөлік сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалды. Артта оператор сноубордқа мініп түсіріп, қосымша шынжырды ұстап отырды”, – дейді Росс.

Оның айтуынша, көндігу киімінен ажырау үшін 45 секунд жеткілікті болыпты. Осындай киімнен ажырап шығуды ол 16 жасынан бастап меңгерген. Сиқыршының айтуынша, соңғы әдісті орындау кезінде ол аздаған жарақат та алыпты.

Ал облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаевтың айтуынша, жолаушыны тасымалдау кезіндегі лайықты ережені сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, аталмыш әдісті орындау кезінде жігіт басқа бір көліктің астына кіріп кетуі немесе қандай да бір ауыр жарақат алуы ықтималдылығы жоғары болған. Өз кезегінде Антон достарымен бірлесе отырып айыппұлды төлеп тастауға дайын екендіктерін де айтты.

Оқи отырыңыз:

“Мәңгілік алау” отына табамен картоп пісіргендер іздестіріліп жатыр (видео)

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Қазақ әже тойда ұлттық би билеп қонақтарды тәнті етті (видео)

Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған 10 жасар ер бала желіні жарды (видео)

Талқылау