Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға көшіп келген уақытта басынан өткізген қызықты оқиғаны еске алды.

photo_192294

Ғаламторда Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековке қатысты қызықты видео тарап кетті. Роликте Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР парламентінің Астанаға қалай көшіп келгенін айтып берді. Ол кезде Әділбек Жақсыбеков елорданың әкімі болатын.

«1997 жылы Асанаға көшіп келдік. Мен «Ишим» қонақ үйіне орналастым. Ол қазір “Есіл». деп аталады. Бір күні қонақүйдегі су тоқтап қалды. Ыстық су мүлде жоқ, ал суық су аздап ағып тұрды. Мен Әділбек Рыскелдіұлына (Жақсыбеков – ред.) хабарластым. Әдеке, қонақ үйде су жоқ дедім. Оған менен басқалар да осы себепті көп хабарласқан болуы керек. Ол маған: «Сіз мұнда жуынуға келдіңіз бе?», – деді жауап берді», – деп есіне алды сенат төрағасы.

Мұны естіген Әділбек Жақсыбековтың өзі де, жанында отырған Ахметжан Есімов те, өзге де танымал тұлғалар күлкіге қарық болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовті 60 жасқа толған туған күнімен құттықтауда

Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий 5 жылға ұзартылды

«Ағайынды төртеу» немен айналысты: бандалық топ құрамында 300-ге жуық адам болған

Талқылау