Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалған студент анасына хат қалдырып кеткен

Өскеменде жоғалған Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық унвиерситетінің “телекоммуникация және байланыс” факультетінің студенті 21 жасар Еркебұлан Қамбаров анасынан кешірім сұрап, жақсы тәрбие бергенін жазып хат қалдырып кетіпті.

рпа

Сурет жеке архивінен

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Ол хат жазып кетіпті. Онда “жақсы тәрбие бердіңіз” деп кешірім сұрап жазыпты. Хатта үйден кеткеніне қатты өкініш білдіретінін айтқан. Бірақ, өзіме ақша табу үшін осындай шешім қабылдауым керек болды деген”, – дейді анасы Әлия Әбдірахманова.

Ертеректе хабарланғандай, жас жігіт18 сәуір күні үйден шығып кеткеннен оны туыстары көрмеген. Еркебұланның анасы хатты 22 сәуір күні үйден тапқан. Демек, ол сол күні үйге ұрланып кірген дейді. Десе де ұлы үйге оралар деп күткен анасы, ақыры 4 мамыр күні полицияға хабарласқан.

“Осындай жағдай онымен наурыз айында да болған. Сол кезде де бірнеше күн жоғалып кетіп, кейін үйге қайта оралған. Менің ойымша, ол біреуден қорқады. Бұл ақшаға байланысты”, – дейді анасы.

Қазіргі таңда Еркебұланды іздеумен полицейлер, достары және еріктілер айналысып жатыр. Анасы Еркебұланның қызымен де үнемі байланысқа шығып отыр. Әлия Әбдірахманова Еркебұлан Қамбаровты көрген, білген адамдар болса хабарласуларын өтініп сұрайды. Жігіттің орналасқан жері туралы білетіндер 8 (778) 468-79-73 нөміріне қоңырау шалса болады.

Талқылау