Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде танымал экстрасенс жол апатына ұшырады

Өскеменде қаладағы белгілі көріпкелдің көлігі дүкен сыртына барып соғылды. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл туралы YK-avto.kz хабарлайды.

Жол оқиғасы кешке кешкі уақытта Тәуелсіздік даңғылының бойында болған.

«Toyota Chaser» көлігінің иесі рөлді басқара алмай, дүкенге соғылған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 1997 жылы туған ер адамның әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген ІІД хабарламасында.

Кейінірек көлік рөлінде қалаға белгілі экстрасенс Антон Росс отырғаны белгілі болады. Жас жігіт оқиға туралы айтып берді.

“Мен Тәуелсіздік даңғылы бойындағы ауладан шығып тіке келе жаттым. Машина тайғанақ асфальт үстінен ауытқып, аллеядағы бағанаға бағыт алды. Сол кезде көлікті бұрмақ болдым, ол бордюрді басып өтіп дүкенге соқты. Көбісі көлік жылдам жүрген дейді, ал мен шын мәнінде көліктің жылдамдығын арттырып та үлгермеген едім”, – дейді Антон Росс.

Ол дүкен иесіне келтірілген шығынды өтеген соң өз көлігін қалпына келтірмек.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 5 жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды

Ақтөбеде мектепке ақша жинамақ болғандардың әңгімесін видеоға түсіріп алған келіншекке қысым көрсетіліп жатыр

Алматыда құлаған ұшақ пилоттарының есімдері белгілі болды

Балқашта ер адам көршісінің итін пышақтап тастады

Талқылау