Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өлең жазатын сотталушылардың бастамасымен қамаудағыларға арналған басылым шықты

Өскемен қаласының ОВ-156/3 түзеу мекемесінде  «Отыздық» атты жұмыс атауы бар жеке басылым жарыққа шықты.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен хабарлады.

«Жергілікті басылымды шығару идеясын көптеген өлеңдердің авторы болып табылатын сотталушылардың бірі ұсынды. Мекеменің әкімшілігі бұл ұсынысты қолдап, барынша  көмегін көрсетті. Редакция алқасы мекеме әкімшілігінің өкілі және сотталушылардан құрылған», – деп атап өтті ОВ-156/3 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Айдын Бөкешев.

20151215113047

 

Хабаршының беттерінде сотталушылар Қазақстанда және шетелде орын алып отырған маңызды оқиғалар туралы оқып қана қоймай, түрлі құқықтық мәселелерге қатысты жауаптар алады. Сондай-ақ басылым беттерінде алдағы мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстардың нәтижелері, түрлі аурулардың алдын алу туралы ақпарат, мекеменің өндірістік учаскесінде бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар, сотталушыларды қабылдау кестелері орналастырылады. Бұдан басқа, мұнда сотталушылардың өлеңдері мен прозасы жарияланады.

Талқылау