Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген қыз аялдаманы қиратып кетті

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген қыз аялдаманы қиратып кеткен. Ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы кешкі уақытта Бажов пен Промышленная көшесінің қиылысынан болды.

Тойота маркалы жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылған. Тексеру нәтижесінде 33 жастағы әйел мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.

“ҚР Әкімшілік құқық Кодексінің 608 бабы, 3 бөлімі бойынша 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, сот аялдама шығынын өндіру өтемақысын тағайындайды”, – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Тағы оқыңыз:

Ресейде ұшақ телефон қуаттағыш кесірінен өртене жаздады (видео)

Шымкент пен Таразда жер сілкінді

Атырауда 8 жастағы бала 2 жасар інісін өрттен құтқарып қалды

Қазақстандық әжей Ресей жерінде өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

Талқылау