Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде екі қызды зорлап, кейін азаптап өлтірген педофилге үкім шықты

Зырян қаласының тұрғыны Олег Яицконың 8 жасар Виктория Тойкенова мен 17 жастағы Ксения Сидоринаға ажал құштырғаны дәлелденген. Бұл жайлы КТК хабарлады.

ерер

Сондықтан судья 25 жастағы жігітке ең ауыр жаза кесті.

Бүкіл облысты дүрліктірген бұл оқиға былтыр болған еді. 8 жастағы Виктория сабақтан кейін үйіне оралмаған. Қаршадай қыздың денесі бір тәуліктен кейін иесіз үйдің жертөлесінен табылды. Ал оны өлтірген адамды анықтауға табылған видео кадрлар септігін тигізген.

Бейнетіркеуішке түсіп қалған ер адам оқушының мектепке ұстайтын сөмкесін асынып, жол жиегімен кетіп барады. Кейін оның екі ай бұрын із-түссіз жоғалған Ксения Сидорина есімді қызды зорлап, өлтіріп қана қоймай, тонап кеткені де анықталды.

Ішкілікке салынған қаскөй енді мәжбүрлі түрде емделіп қана қоймай, қалған өмірін темір торда өткізуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Талқылау