Өскеменде бір мейрамхана екінші рет суға ағып кетті
Өскеменде Ертіс өзенінің үстіне салынған мейрамхана тағы су ағызып алып кетті. Тіпті ол қатты ағыспен жағалауға жетіп, қоршауды қиратқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәл осы баржа наурыздың басында да өзенге қалқып шығып кеткен болатын. Кейін қайтадан сыммен бекітілген. Бірақ онысы да көп ұзамай үзіліп отыр. Тіпті бұл жолы жұрттың сүйікті жағалауына зиянын тигізген. Ал мейрамхана тек жазда жұмыс істейді. Сондықтан оның ішінде адам болмапты. Өзенде қалқыған нысан жергілікті шенеуніктерді де көптен бері алаңдатып жүр екен. Олар Ертістің суы көтерілгенде, баржаға буксир жіберіп, құтқармақ болған. Бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. Онсыз да ауыр ғимараттың сымы қатты ағысқа шыдас бере алмаған. Қазір мейрамхана қайраңға тұрып қалыпты. Ал енді оны не істейтінін шенеуніктер әлі білмейді.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі