Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мейрамхана өзенге ағып кетті

Өскеменде өзен үстіне салынған ғимарат жағаға жалаң сыммен бекітілген екен. Онысы, ескіріп, үзіліп кетіпті деп хабарлады КТК.

Безымянный

Қайта ішінде қызметшілер мен қонақтар болмаған. Ал арқаны үзілген баржа Ертіс өзенінің екінші жағасына жетпей, ортада қайраңдап қалды. Енді оны орнына қайтару үшін мейрамхана иесінің біраз шығындалуына тура келетін сыңайлы.

Себебі, оған су көліктеріне қызмет көрсететін жеке компаниялардың көмегі қажет. Қайраңдағы баржаны жағаға тартып шығу да бір күннің шаруасы емес. Ал қала тұрғындары жағалаудың тазарып қалғанына қуанышты сияқты.

“Менің ойымша, мейрамхана ары қарай жүзе беруі керек еді. Жағажай адамдардың демалыс орны болуы тиіс. Өзеннің тамаша көрінісі ғана қалып, мынандай нәрселердің көзі құрығаны жақсы”, – дейді тұрғын.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаевтың орнына Оңтүстік Кореядан келген мейман қол қойып жіберді

Вьетнамға жіберілген айғыр тұяғы мүжілгенше екі жыл кешіп туған жеріне қашып келген

Шымкентте көр қазушыларға айына 12 адам жерлейсіңдер деген талап қойған

Баспанадан тарыққан зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр болып отыр

Талқылау