Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бейтаныстың куәлігімен несие алған азамат сотталды

Өскемен қаласының №2 соты азамат Ф.Безрукқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

1-наручники

2014 жылғы 28 мамырда Өскемен қаласының орталығындағы аялдаманың маңынан Ф.Безрук М.Қадылбековтің жеке куәлігін тауып алған. Сол күні сотталушы М.Қадылбековтің атынан несие алмақшы болған.  Ол «Sulpak» сауда орталығына барып, несие ресімдеуге өтініш білдірген. «Kaspi Bank» АҚ филиалының менеджерлері несие алушыға еш  күмәнсіз 159 334 теңге сомасындағы тауарды несие ресімдеген. Ф.Безрук  тауарларды алысымен ізін жасырған. 2015 жылғы мамырда М.Қадылбековке «Kaspi Bank» АҚ-дан несие қарызы туралы қоңырау түскен. М.Қадылбеков құқық қорғау органдарына жүгінген.

Ф.Безрук сот тергеуі аяқталғанға дейін «Kaspi Bank» АҚ-ның талап арызындағы ақшаны толығымен өтеген. Бір қызығы, сотталушы бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған екен. Жәбірленушінің өкілі қылмыстық істі тоқтатуға және  бітімгершілікке келуге келіспеген. Тек жаза шарасын анықтауды сот құзырына қалдыруды.

Сот үкімімен Ф.Безрук ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оны 2 жылға бас бостандығынан шектеп, осы мерзімге пробациялық бақылауға алынды.

Бірақ үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлайды Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Талқылау