Өскеменде бекеттен жанармай құямын деп күйіп қалған жас жігіт көз жұмды
13 қыркүйек күні Өскеменде жанармай бекетінде зардап шеккен көлік жүргізушісі мерт болды.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні жанармай құю бекетінің бірінде ер адам көлігіне жанармай құйып жатқан кезде от шығып, жарылыс болған еді. Ер адамның денесінің 70 пайызын, соның ішінде 40 пайызын қатты күйік шалған, деп хабарлайды yk-news.kz.
Жансақтау бөліміне жеткізілген Евгенийдің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бір апта бойы күресті. Тұрғындар жігітке қажетті 8 литр қан тапсырды. Алайда зардап шегуші бүгін таңертең жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Тағы да оқыңыз:
АҚШ-қа қыдырып барған екі қазақстандық жоғалып кетті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі