Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде аула сыпырушы бала-бақша маңын жағалап жүрген сілеусінді байқап қалды

Өскеменнің сол жағалаудағы музей-қорығының зообағына сілеусін келді. Бұл туралы музей-қорықтың фауна бөлімі меңгерушісі Зайнитдин Шәмшиев баяндап берді, деп жазды ҚазАқпарат ХАА.

20170120113438

«Өскеменнің сол жағалаудағы ауданының учаскелік полицейі хабарласты және балабақшадан сілеусін табылғанын айтты. Ең алдымен жыртқыш аңды балабақшаның аула сыпырушысы көрген. Оны қорқыныш билегені соншалық, қандай жануар екенін де айыра алмаған.

«Біздің аулада белгісіз бір аң айбат шегіп тұр!» деп полицияға хабарласқан», – деді Шәмшиев.

Бір мал дәрігері мен зообақтың екі қызметкері адасып кеткен аңды ұстау үшін балабақшаға аттанды. Сілеусін жас болғанына қарамастан, мамандарға барынша қарсыласқан.

Сілеусіннің әлі 1 жасқа да толмағаны анықталды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік әйел есірткіні жыныс қынабына тығып өтпекші болған

Таразда 8 жасар туған қызын зорлаған әке сотталды

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Талқылау