Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел есірткіні жыныс қынабына тығып өтпекші болған

Ақтөбелік Елена Руденко аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтап және тасығаны үшін сотқа тартылды.

1484885222_51eb7b208af017c56b090a18dc9b

Бұл туралы Тimeskz.kz хабарлайды.

Әйелді 13 шілде күні “Экспресс” автовокзалынан ұстаған. Ол жыныс мүшесіне жасырып есірткі тыққанын мойындаған. Оны жедел жәрдем арқылы бірден ауруханаға жеткізіпті. Ол жерде әйел мүшеқапқа салынған есірткіні денесінен алып шыққан. 35 жастағы әйелдің әрекетіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ол өзінің Қостанайға аспаздың көмекшісі ретінде жұмыс істеу үшін бара жатқанын айтқан.

“Қостанайға келген соң мен ұялы телефон нөміріне хабарластым. Екі күн бойы ешкім жауап бермеді. Осы уақытта мен пәтер жалдап тұрдым. Соңғы ақшама үйге қайтатын билет сатып алғанмын. Автовокзалда отырған кезде қасымда ер адамды полиция қуды. Ер адамның қалтасынан бір түйіншек түсіп қалды. Мен ол түйіншекті көтеріп алып, не екенін көру үшін дәретханаға бардым. Сөйтсем, героин екен. Сол кезде оны полицияға тапсыру мүмкін болмады. Оның үстіне Қостанайға алғаш рет келгендіктен, қаланы білмеймін. Мен есірткіні Ақтөбеге әкеліп тапсырғым келді. Осы ісім үшін ақымақ болдым. 15 жаста емеспін, ол үшін өміріме қауіп төнетінін білдім”, – дейді Елена.

Еленаның айтуынша, ол есірткіні полицияға жеткізіп үлгермеген. Автовокзалға келісімен, тәртіп сақшылары ұстап алыпты.

Ол сотта өзі де есірткі тұтынатынын, бірақ героин емес, кондитерлік көкнәр пайдаланатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Таразда 8 жасар туған қызын зорлаған әке сотталды

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Талқылау