Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әкімнің орынбасары субұрқақты қоқыстан тазалады

Өскемен әкімінің орынбасары Расул Манапов қызмет көлігін жеке мақсаттарына қолданғаны үшін жазасын өтеуде.

Сурет: Өскемен қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

Өскемен әкімінің орынбасары Расул Манапов қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мемлекет қызметкері қызмет көлігін жеке мақсаттарына қолданғаны үшін жазасын еңбекпен өтеуде.

«Әкімнің орынбасары жұмысшылармен бірге Республика алаңындағы субұрқақты қысқы маусымға дайындады. Яғни субұрқақты тазалап, нысанды консервациялау», – деп хабарлайды Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айыпты болған мемлекеттік қызметкер арнайы киім киіп, сенбі күні сағат 8-ден 11-ге дейін «Өскемен Тәртіп» коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларымен бірге жұмыс істеген. Оның уақытша басшысы, яғни аға мастердің сөзінше,  шенеунік барын сала еңбектенген.

«Ол жақсы жұмыс істеді. Тағы да келсін», – деп әзілдеді мастер Мақсат Нұрахметов.

Сонымен қатар Нұрахметов мемлекет қызметкерінің қоғамдық жұмыс атқарғанын алғаш көргенін айтты.

Бұған дейін Расул Манапов қызмет көлігін жұмыстан тыс уақытта өз мақсаттарына қолданғаны үшін қатаң сөгіс алған еді. Қала әкімі оған келесі жылға дейін қызмет көлігін пайдалануға тыйым салған. Баспасөз қызметі хабарлағандай, Манапов мемлекетке тигізген зиянын өтеп, өз еркімен 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуын сұраған.

Оқи отырыңыз:

Air Astana ұшақтарының бортында мұсылмандарға арналған тағам ұсынылады

Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Сезімін білдіре алмаған мұғалім медбикені алып қашып кеткен

Талқылау